Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ӨҢІРДІҢ ТӘЖІРИБЕСІ – ӨЗГЕЛЕРГЕ ҮЛГІ

ӨҢІРДІҢ ТӘЖІРИБЕСІ – ӨЗГЕЛЕРГЕ ҮЛГІ

Жаздың басында Елбасы төрағалығымен өткен «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов Сыр өңіріндегі геоақпараттық онлайн-сервистің жайын мәлімдегені белгілі. Ол жергілікті іскер азаматтарға үлкен қолдау болып отыр. Сол шара барысында бұл жүйені өзге өңірлерде де енгізуге үлгі ретінде ұсынылды.
Расында да аймақта кәсіпкерлік көкжиегі кеңейіп келеді. Жергілікті жерде енді ғана өз ісін ашып, аяққа тұра бастаған кәсіпкер үшін тексерулер мен айыппұлдардың орнына профилактикалық бақылау енгізу, жоспардан тыс тексерулердің мерзімін 30 күннен 10 күнге дейін қысқарту, бірқатар салық төлемдерінің мөлшерлемесін қысқарту шаралары үлкен қолдау болды.
Қазір кең көлемде жүргізіліп жатқан «Бастау бизнес» жобасы халыққа тың серпін берген өміршең бағдарламаға айналуда. Оған қатысқан азаматтардың арасында мамандығын өзгертіп, ақпараттық технологияның кең мүмкіндіктерін пайдаланатын азаматтардың қатары артты. Өткен жылдың өзінде «Атамекен» 15 мыңнан астам ауыл халқын оқытып шықты. Олардың 8 мыңы жобасын сәтті қорғап, 3,5 мыңы қаржылық қолдауға ие болды, кәсіптерін ашты.  
Биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауда Елбасы «цифрлық дәуір» өнеркәсібін қалыптастыруға арналған индустрияландырудың үшінші бесжылдығын әзірлеуге кірісу керектігін айтқан болатын. Біздің өңірде техникалық шарттарды алу, архитектура және жер мәселелері бойынша рұқсат беру құжаттарын рәсімдеу жүйесінде үлкен ашықтық қажет. Қолданыстағы заңдарда жер учаскелерін алу мерзімі екі айға дейін деп көрсетілген. Дегенмен, бұл іс жүзінде жарты жылға дейін созылып кетеді. Өйткені, жер алуға рұқсат беретін мекемелердің саны көп. Бұған қоса олардың ақпараттық жүйелерінің арасында өзара байланыс жоқ. Қазір бұл оң шешімін тауып келеді.
         Бүгінде облыс әкімдігі кәсіпкерлік саласының дамуына ерекше мән беріп, биыл аймақта «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылы» деп жариялады. Осыған орай Қызылорда қаласының барлық әлеуметтік маңызы бар нысандары инженерлік желілері туралы толық ақпаратпен қамтылған электрондық карта  даярланды. Оның негізінде бизнеске барлық инженерлік желілерге қосылуға рұқсатты бір жерден алуға мүмкіндік беретін геоақпараттық онлайн-сервис құрылды. Бұрын инженерлік коммуникацияларға техникалық шарттар алу үшін құзырлы 4 мекеменің әрқайсысына жеке өтініш беріп, рұқсаттама құжаттарын 4 ай көлемінде алатын. Қазір онлайн-сервистің арқасында ол 3 күнге дейін қысқартылып, кәсіпкерлер тек қана бір ұйымға жүгінетін болды.
Ендігі кезекте өңірде жер қатынастары саласындағы барлық қызмет электрондық форматқа көшіруді бастап, оны жылдың аяғына дейін бітіруді жоспарланып отыр. Қазіргі таңда кәсіпкерлер геоақпараттық онлайн жүйесінің оңтайлылығын және тиімділігін іс жүзінде сезініп отыр. Егер 2017 жылы инженерлік желілер бойынша берілген рұқсаттаманың саны жыл ішінде небәрі 2,5 мың болса, осы жылдың тек қана 4 айында – 2200-ден асты.
– Мен кәсіпкер және қарапайым азамат ретінде де аталған жобаларды толықтай қолдаймын. Алдағы уақытта әрбір қазақстандық үшін пайдалы бірқатар әлеуметтік жобалар жүзеге асырылады. Бизнес жобасына белсене кірісуге дайын азаматтар бар, – деген ойымен бөлісті палата директоры.
Бизнеске инвестиция салуға немесе ұзақ мерзімді шарттар жасауға мүмкіндік беретін тиімді механизмдер қарастырылуы қажет. Ослыстық кәсіпкерлік палатасы осы мақсатта тиісті іс-шараларды қолға алып келеді.


Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.
24 шілде 2018 ж. 907 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 442 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам