Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАЙ АЙМАҚТАРДЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ АСТАНАҒА ЖИІ ҚОНЫС АУДАРАДЫ

ҚАЙ АЙМАҚТАРДЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ АСТАНАҒА ЖИІ ҚОНЫС АУДАРАДЫ

Қалалық статистика департаментінің деректеріне қарағанда, 2018 жылғы қаңтар-мамыр айлары аралығында Астана қаласына 35 370 адам келіп, 30 981 адам көшіп кеткен (көші-қон айырымы +4 389 адам), деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осы жылдың қаңтар-мамыр айларындағы көрсеткішті 2017 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда келгендер саны 49,5 пайызға, кеткендер 37,5 пайызға азайған. «Қаланың негізгі көші-қон алмасуы аймақтық көші-қон есебінен қалыптасқан: Осы жылдың қаңтар-мамыр аралығында келгендер 21 322 адамды, кеткендер 16 424 адамды құрайды. Елорда халқының көші-қон өсімінде келгендер үлесі Ақмола облысынан - 19,4%, Оңтүстік Қазақстаннан - 14,2%, Қарағандыдан - 9,8%, Шығыс Қазақстаннан - 8,9%,Алматы қаласынан - 8,2% және басқа облыстардан 39,5%-ды құрайды», делінген хабарламада.

Астана қаласының ТМД-ның мына елдерімен көші-қон айырымы оң мәнді: Әзербайжан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан Республикасы. Басқа елдермен оң мәнді көші-қон айырымы - негізінен Грузия, Ұлыбританиямен, Біріккен Араб Әмірлігі, АҚШ, Сауд Аравиясы, Испания, Чех Республикасы, Қытай, Жапония, Литва, Түркия, Корея Республикасы, Малайзия және Моңғолия. «Ұлт бойынша көшіп-қонушылар құрылымындағы айтарлықтай үлес салмақ қазақтарға тиесілі - 89,4%-ы және кеткендер санының 86,6%-ы келеді. Келгендер мен кеткендер арасында орыстардың үлесі тиісінше 5,5% және 7%, украиндар - 0,8% және 1%, өзбектер - 0,6% және 1,3%, татарлар - 0,8% және 0,7%, немістер - 0,5% және 0,7%, өзге ұлттар - 2,4% және 2,7%-ды құрайды», делінген департамент ақпаратында.
25 шілде 2018 ж. 1 261 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам