НИГЕРИЯДАН «ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ӘДЕМІ ҚЫЗ» ТАБЫЛДЫ
Әлемдегі ең әдемі қыз Нигериядан табылды. Instagram қолданушылары мен британдық БАҚ Нигериядан шыққан бес жасар бүлдіршінді «әлемдегі ең әдемі қыз» деп таныды.
Бұл туралы The Mirror хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Мофе Бамайва есімді фотограф нигериялық бес жасар Джейрдың суреттерін өзінің инстаграм парақшасында жариялады.
Фотограф «Иә, ол адам! Сонымен қатар ол періште», – деген мәтінмен жарияланған сурет желі қолданушыларының көзіне бірден ілінді.
Ал, 5 жасар қызды суретке түсірген фотограф Джейрде модельдік тәжірибе болмаса да, оның камерадан қорықпай, өзін еркін ұстағанын атап өтті.
Бамайваның айтуынша, 5 жасар қыздың «мінезді, екі сұлу әпкесі бар» және Джейр анасына қыздарға арнап Instagram-да парақша ашуға шабыт берген көрінеді.
Әлемдегі ең әдемі қыз саналған Джейрдің суреттері бірнеше күннің ішінде мыңдаған лайк жинаған. Ал, оның сұлылығына тамсанған желі қолданушылары қыздың суретіне «өте әдемі», «сөзсіз сұлу» деген пікір қалдырып кеткен.
Соған қарамастан, фотографты фото-редактор қолданып, қызға жалған шаш кигізіп қойған, деп айыптаған сыншылар да болды. Алайда, оқырмандардың басым көпшілігі оны әлемдегі ең әдемі қыз деп танып, нигериялық қыздың сұлулығына таңдай қақты.