Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ПОЙЫЗ БИЛЕТТЕРІН АЛЫП САТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ – КОМИТЕТ

ПОЙЫЗ БИЛЕТТЕРІН АЛЫП САТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ – КОМИТЕТ

  ҚР ИДМ Көлік комитеті пойызда жолаушыларды билетсіз тасымалдағандарды жазалуды күшейтеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ведомсвтоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2018 жылдың басынан бері жолаушылар пойызында көліктік бақылау органдары 681 билетсіз жолаушыны тасымалдаған факті анықтады, 2017 жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 830 болған.
«Бүгінгі күні жол жүру құжаттарын сату (билеттерді), қайтару және қайта рәсімдеу процедурасына талдау жүргізілді. Билет кассаларының, автоматтандырылған жүйе мен пойыз бригадаларының жұмысындағы негізгі себептер мен кемшіліктер анықталды. Талдау заң бұзушылықтар билеттерге тапсырыс топтап беріліп, сатылған кезде көп жасалатынын көрсетті», - делінген хабарламада.
Бұдан басқа, жеке кассаларды қосқанда күн сайын қайтарылатын билеттер көлемінің көп болу фактісі анықталған (бір кассаға күніне 30-дан астам билет қайтарылады). Бүгінгі күні жеке кассалар саны 4500-ден асады. Ал, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-да 238 касса бар.
«Бұл жағдайларға қарсы күрес ретінде барлық тасымалдаушыларға қолданыстағы автоматтандырылған жүйені жетілдіру тапсырылды. Ол сату процесіне адами фактордың әсерін тигізбейді және орындарды, билет пен кассалық операцияларды басқаруға және бақылауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, билетсіз жолаушыларды тасымалдау фактілерін анықтау және болдырмау, жол жүру құжаттарын қайта сату жөніндегі мониторингтеу тобын құру шешімі қабылданды. Бұл жұмыстарды көліктегі ІІД қызметкерлерімен бірлесе атқару жоспарланып отыр. Осындай құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында жұмыс тобы аясында және жасалған талдау негізінде жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыруға бағытталған барлық нормативті-құқық актілерді өзектендіру бойынша жұмыстар атқарылады», - делінген хабарламада.
Жалпы, нормативтік құқықтық акт аясында билеттерді брондау арқылы сату, топтап берілетін тапсырыс сатылымын автоматтандыру және әкімшілік жауапкершілікті күшейту мәселелері қарастырылады.
Айта кетейік, бүгінде билетсіз жолаушыларды тасымалдағандарға салынатын айыппұл мөлшері ҚР ӘҚБтК 623 бабына сәйкес 5-7 АЕК құрайды.
Ескерту!

Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.
27 шілде 2018 ж. 1 197 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам