ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ ЖАҢҒЫРТУҒА БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫНЫҢ ОРТАША 51,4% ҚАЙТАРЫЛДЫ
Бұл туралы бүгін Өңірлік комуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов мәлімдеді.
- Облыс бойынша 640 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуді қажет етеді. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша бюджеттен 10 көпқабатты тұрғын үйдің жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 51 млн теңге бөлінді. Бүгінде қайтарымды 74 млн теңге қаржыға қаладағы Амангелді көшесінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде", - деді облыс әкімі.
Серік Сүлейменовтың айтуынша 264 шақырым су желілері мен 7,8 шақырым кәріз желілерін жөндеу жұмыстары басталды.
"Биыл Қызылорда қаласы және Жосалы кентінде 2 жоба іске асырылды. Ал қалған жобалар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда. 2017 жылы 36 жобаны іске асыру үшін 5,8 млрд теңге бөлінді. 35 жоба биыл аяқталады. Сондай-ақ, Жаңақорған ауданындағы жоба келер жылға қалдырылды", - деді облыс әкімінің орынбасары.
Сонымен қатар, Жаңақорған ауданындағы электрмен жабдықтау жобасының жұмыстары аяқталуға тәмам. Аяқталса қиыршық тас пен бетон зауыттары толықтай электр қуатпен қамтамасыз етілмек.