ЖАЙЫЛМАНЫҢ ҚАНТТАЙ ҚАРБЫЗЫ
Бүгінде қала базарларында қауын-қарбыз саудасының қызып тұр. Оған қоса жол бойында да сатылып жатқан бау-бақша өнімдерінен көз сүрінеді.
Ала жаздай күннің астында, желдің өтінде маңдай терін төккен еңбекші ағайын биыл да сол несібесін жинауды бастап кетті. Жинаған қауын-қарбызын қалаға әкеліп, тұрғындарға сатып жүр. Диқандардың бұл науқаны күзге дейін жалғасады.
Елімізде қауын-қарбыз өндірісі жөнінен Сыр өңірі алдыңғы қатарда келеді. Дария бойындағы диқандар жылма-жыл 10 мың гектарға жуық бақша дақылдарын егумен айналысады. Оны өсіруде облыста Жаңақорған, Шиелі аудандары алда тұр. Оның ішінде «Айдарлы», «Жайылма» ауылдарындағы диқандардың өнімдері халыққа өте таныс.
Жаңақорған ауданындағы Жайылма қарбызының биылғы өнімі де диқандар көңілінен шығып отыр. Ала жаздай тәтті өнімді баптаған шаруалар қарбыздың алғашқы легін Ресейге экспортқа жіберді. Қазақстанмен қатар көршілес Ресейдің Челябинск қаласының тұрғындары біздің қауын-қарбыздан дәм татып үлгерді.
Жайылма ауылындағы шаруа қожалықтары 500 гектар жерге бақша өнімдерін егіп, 10 мың тонна аралығында өнім жиналады деп күтілуде. Ал, оның 5 мың тоннасы Ресейге, қалғаны солтүстік облыстарға және өз өңірімізге жіберіледі. Оның ішінде 50-100 тонна қарбыз Астана қаласында өтетін республикалық жәрмеңкеде сатылмақ.
Жайылма ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Нұрлан Орынбаев биыл ауыл іргесіндегі қоймаға жиналған судың өте аз мөлшерде болғанын айтты. Соған қарамастан диқан қауымы суды үнемдеу тəсілімен қарбыз екті. Яғни, бір жүйемен суландыруды қолға алды. Бұл Жайылмадағы диқандардың жыл сайын кəсіп еткен қарбыз дақылын өсіруге деген еңбекқорлығын көрсетеді.
– Осы күндері қарбыздың біраз бөлігі Ресейге және Қазақстанның әр аумағына кетті. Жан-жақтан сұраныс бар, – деді бас маман.
Айта кету керек, Жайылманың даңқын шығарған қарбыздан биыл дәм татқысы келген қалалықтар көп. Әйткенмен, арасында Түркістанның қарбызын осы ауылдікі деп алдап сатып жібергендер де жоқ емес.
– Диқан егеді, көлігі барлар осы егіс даласынан алып кетеді. Негізі Жаңақорған трассасының бойында көлеңкелі шатыр орнатылған жер бар. Міне, сол жерден біздің қарбызды сатып алуға болады. Мұндағы баға көпке тиімді. Келісі 45-50 теңге аралығында сатылуда, – деді Н.Орынбаев.
Диқандар биылғы ауа райының қолайсыздығына қарамастан жергілікті өнімді дер кезінде тұтынушыға ұсыну үшін барын салды. Дәрісіз, барлық талапты сақтай отырып өсірілген Жайылма қарбызының бағасы шаруаға да, сатып алушыға да тиімді.
Биылғы басты жаңалық – «FORA F1» деп аталатын қарбыздың жаңа сорты. Мұны қолға алған «Жиделі» шаруа қожалығының диқаны ерлі-зайыпты Көрпебаевтар. Отанасы Айдай Көрпебаевның айтуынша, жолдасы Абайдың диқандықты кәсіп еткеніне 30 жыл болыпты.
– Шүкір, осы еңбектің арқасында несібемізді көріп келеміз. Биыл 1 гектар жерге қарбыздың «FORA F1» сортын ектік. Одан 60 тонна өнім шықты. Ерекшелігі көлемді, дәмді және пішіні сопақша болып келеді. Үлкенінің өзі 35 келіге дейін баруы керек, – деді Айдай Көрпебаева.
Иә, расымен де Жайылманың қарбызы ерекше дәмді. Өйткені, өнім тастақ жерде өседі. Оған қоса таудың суымен суарылған қарбыз тәтті болады дейді еңбеккерлер. Жалпы қауын-қарбыздың нағыз жетілу маусымы – шілде айының соңы мен тамыз айының басы. Олай болса, тамылжыған тамызда уылжып піскен қауынға, шөл бастырар қызыл қарбызға да қол жеткізіп, ауыз тие аласыз...
ДИҚАН КЕҢЕСІ
Піскен қарбыздың бүйірінде сарғыш дақтар болатынын біле жүріңіз. Жетілген қарбыздың қабығы да жалтырап тұрады және сыртынан саусақпен немесе алақанмен ұрып көргенде, қатаң дыбыс емес, таза әрі анық дыбыс шығуы керек.
Ал, жақсы қауынның сабағы қалың. Оның піскендігін білу үшін сабағына қарама-қарсы беттегі қыртысын басып көру қажет. Шала қауынның сол тұстағы қабығы – қатты, піскен қауынның қабығы – басқан кезде аздап басылып, жұмсақ екендігі байқалып тұрады.

Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.