Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАЗАҚСТАНДА ҮЗДІК ҮЕҰ-ЛАР 4,5 МЛН ТЕҢГЕ СЫЙЛЫҚАҚЫ АЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ҮЗДІК ҮЕҰ-ЛАР 4,5 МЛН ТЕҢГЕ СЫЙЛЫҚАҚЫ АЛАДЫ

  ҚР Қоғамдық даму министрлігі үкіметтік емес ұйымдарынан сыйлықақы алуға өтінімдерді қабылдауды жалғастыруда. Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Сыйлықақы мөлшері 2 000 АЕК-ті (4,5 млн теңгеден аса) құрайды. Сыйлықақы әлеуметтік мәселелерді шешуге үлес қосқан үкіметтік емес ұйымдарға 15 бағыт бойынша беріледі. Конкурсқа Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген және ҮЕҰ деректер базасына мәліметтерін уақтылы тапсырып отыратын үкіметтік емес ұйымдар қатыса алады. Бір ҮЕҰ бір мезетте бірнеше номинация бойынша сыйлықақыға үміткер бола алмайды», - деп нақтыланған министрлік мәліметінде. Үкіметтік емес ұйымдардың байқауға қатысу туралы өтініштері Азаматтық қоғам істері комитетіне жіберілуі тиіс.

Байқауға қатысу үшін өтініш және сауалнама нысаны, сыйлықақыға үміткер ұйымның қызметінің сипаттамасы, қоғамдастық өкілдерінің ұсынымдары (ҮЕҰ) және мемлекеттік органдардың  ұсынымдары, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік тіркеу туралы құрылтай құжаттарының және куәлiгiнің көшірмелері, банк шотының болуы туралы анықтама болуы керек. Құжаттар ағымдағы жылы 1 қыркүйекке дейін қабылданады.  Үкіметтік емес ұйымдарға сыйлықақы - үкіметтік емес секторды мемлекеттік қолдаудың бір түрі. Сыйлықақы азаматтық қоғамды дамыту, оның әлеуетін арттыру және қоғамдық ұйымдарды ынтыландыру мақсатында қайтарымсыз беріледі. Байқау жыл сайын ұйымдастырыады және биыл екінші рет өткізіліп отыр. Былтыр 59 ҮЕҰ өкілдері сыйлықақы алды.
03 тамыз 2018 ж. 1 105 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам