Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ӨМІРІҢІЗДІ БАСҚАРУДЫ ҮЙРЕНІҢІЗ

ӨМІРІҢІЗДІ БАСҚАРУДЫ ҮЙРЕНІҢІЗ

  1. Күнде таңертең, бүгiнгi күнi қандай шаруаны атқаратыңызды жоспарлауға арнайы уақыт бөлiңiз. Оған 10-20 минуттың өзі де жеткілікті болады. 

2. Тәулiгiне 6-8 сағат ұйықтаңыз. Соның өзi де организмге жеткiлiктi болып табылады. Атақты адамдардың одан аз ұйықтағанын естен шығармаңыз. 

3. Телефонмен сөйлескенде, даусыңызда жылылық пен құлшыныс сезiмі мол болсын. Сөйлесiп отырған адамыңызға өз құрметiңiздi бiлдiрiңiз. Мейлі ол бейтаныс, болмаса туысыңыз болсын, ол жағы маңызды емес. Сонда өзгелердің Сізге деген құрметі артатын болады. 

4. Жексенбiнiң әрбiр кешiн сапатамаға арнаңыз. Осы аптада атқарған шаруаларыңызды қорытындылаңыз және келесi аптаға жоспар түзiңiз. Бұны дәстүрге айналдырыңыз. 

5. Жаңа тiлдердi меңгерiңiз. Ол ана тiлдi жақсы түсiнудiң зор тәсiлi болып табылады. Өзге тiлдердi меңгеру кезiнде Сiз өз миыңызға тың тапсырмалар бересiз. Соның нәтижесiнде ол бұрыңғыдан да жақсы жұмыс iстейтiн болады. 

6. Өз қорқыныштарыңызға тiке қарауға тырысыңыз. Қорқыныштар көбейген сайын өмiр сүру қиындай бередi. Сiздiң нелерден қорқатыңыз емес, оларды қалай жеңетiңiз маңызға ие. Қорқыныштарыңызды бiртiндеп, рет-ретiмен женiңiз. Өмiр қысқа, осы кезеңдi қорқынышта емес, рахат сезiммен өткiзуге тырысыңыз. 

7. Алға қойған мақсат ғана емес, оған баратын жолдың да маңызға ие екенiн есiңiзден шығармаңыз. Алда кездесетін көптеген қиыншылықтарға қарамастан, алған бағытыңыздан қайтпаңыз, сонда нақты табысқа жететін боласыз. 

8. Iстi кейiнге қалдыра берудi тоқтатыңыз. Өз өмiрiңiздi өзiңiз басқарыңыз. Нақты ненi қалайтыңыз туралы ойланыңыз. Егер де Сiз бүгiн бiр жұмыстарды жоспарласаңыз, бiрақ көңiл-күйiңiз төмен болып, қандай да бiр iске қолыңыз бармаса да, өзiңiздi жұмыс iстеуге мәжбүрлеңiз. Кез-келген iс диванда отырып, құр босқа теледидар көруден немесе компютердiң алдында босқа уақыт өткiзуден мың есе артық.
03 тамыз 2018 ж. 1 118 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 442 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам