Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЖАҚСЫ ЖАРДЫҢ ЖЕТІ ҚҰПИЯСЫ

ЖАҚСЫ ЖАРДЫҢ ЖЕТІ ҚҰПИЯСЫ

1. Ойыңды ашық айт. Айтпасаң, ер адам не қалап тұрғаныңды қайдан білсін? Егер жігітің көріпкел болмаса, аяқ астынан не үшін нілдей бұзылғаныңды миына қанша салмақ түсірсе де анықтай алмайды. 

2. Құрбыларыңды жақсы көруге мәжүрлеме. Құрбыларың келгенде бірге отырып шай ішуден бас тартса – тіпті жақсы. Әркімнің өз досы болғаны да дұрыс, кейде қыздармен отырып алаңсыз әңгіме соққан артық етпейді. 

3. Жиі құшақтасыңдар. Кейде құшақтасу — сезіміңді сөзден де күштірек жеткізеді. Құшақтау – екеуді жақындастырып қана қоймай, өзіңе және серігіңе деген сенімді арттырады. 

4. Ешқашан дәл жатар алдында ұрыс шығармаңыз. Біріншіден, күніңіз қанша тамаша өтсе де, аяқталуымен есте қалады. Екіншіден, кешке қарай қара аспанды төндірген мәселе таңертең түкке тұрғысыз болып көрінуі мүмкін. Үшіншіден, ұйқыдан тұрған соң тыныққан жүйкеме қандай мәселе болса да айқай-шусыз шешуге қауқарлы боласың. 

5. Ешқашан өткенді еске сала берме. Кез-келген жұптың қарым-қатынасында күрделі кезеңдер болады. Егер бір кездері еріңнің кінәсін кешірген болсаң, бітті, енді ол жайлы ешқашан жақ ашпа. 

6. Мейлінше уақытты бірге өткізу керек. Сүйіктіңе әрдайым уақыт таба біл. Әрқандай шаруамен айналысасыңдар ма, демаласыңдар ма, бастысы бірге болыңдар. 

7. Алғысыңды жасырма. Өтінішіңді орындады ма? Шын жүрегіңнен алғыс айт. Келесі жолы да ерің өтінішіңді жерге тастамайды. Рахметті жиі және шын көңілден айту керек. Күйеуіңнің алғыс айтуға тұрарлық еңбегі бар шығар?
03 тамыз 2018 ж. 1 108 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 442 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам