25 БАЛМЕН ҚАЛАЙ ГРАНТ ИЕЛЕНУГЕ БОЛАДЫ? МИНИСТРЛІКТІҢ ЖАУАБЫ

"Мысалы, жоғары оқу орнына қысқа бағдарлама бойынша түсетіндер бар - олар үш жыл оқиды. 11 сыныпты бітірген түлектерге ең жоғарғы балл 140 болса, шектік балл - 50, ал екі пән таңдайтын колледж түлектеріне ең жоғарғы балл 70, шектік көрсеткіш - 25. "Атамекен" ҰКП ұсыныстары бойынша колледж түлектеріне грант бөлінген, бірақ бұл гранттар қажетсіз болып қалған. Сондықтан ең төменгі шектік балмен түлектер грантқа ие болды", - деп түсіндірді ҚР білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов ведомствода өткен баспасөз мәслихатында. Еске салайық, мұның алдында білім гранты иегерлерінің толық тізімі жарияланған. Түлектердің бірі 25 балл алып, "Дене шынықтыру және спорт" мамандығына грантқа түскен