Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » 4 ЕҢ КҮДІКТІ ЖҰЛДЫЗНАМА БЕЛГІСІ: ТҮЙМЕДЕЙДІ ТҮЙЕДЕЙ ЕТЕДІ

4 ЕҢ КҮДІКТІ ЖҰЛДЫЗНАМА БЕЛГІСІ: ТҮЙМЕДЕЙДІ ТҮЙЕДЕЙ ЕТЕДІ

Сізге қаншалықты жиі ақталуға тура келді? Мұның қалай жағымсыз екенін есіңізге түсіріп көріңізші. Сенімсіздік реніш тудыратыны белгілі. Ал егер жақын адамыңыз сенбесе, бұл екі есе қорлану.


Суқұйғыш

Сытылып шығу шеберлердің ғана қолынан келеді. Суқұйғыш ақылға қонымды түсіндірмелерді біледі және сізді алдайтыны секілді өзінің де алдануы мүмкін екендігін сезеді. Алдамау деген не өзі? Жұптардың әрқайсысы міндетті түрде бір-бірін алдайды, ешкімге сенудің қажеті жоқ, бұл олардың ұстанымы және ол қалыпты жағдай. Ол өзіне қарап өзгелерді де солай ойлайды. Даулассаңыз да оны жеңу, сендіру қиын.


Балықтар

Сенімсіздік пен күдіктің ерекше түрі балықтарға тиесілі. Мәселе мынада: махаббатқа бөленген балық өз сезімін қалыптастырады. Сіз қандай да дерек оған айтқаныңызбен балықтар өз дегенімен жүреді. Сіз жай ғана ұйықтап, қоңырауды естімей қалдыңыз ба? Жоқ, бәлкім сіз біреудің мәселелерін шешуге көмектескен шығарсыз, алайда мұнымен мақтанбайсыз, өте қарапайымсыз. Бүгін сіздердің танысқандарыңызға 28 күн толды және де сіз алқызыл раушан гүлдерін сатып алуды ұмыттыңыз ба? Алайда сіз ұмытқан жоқсыз, тек сіз бар қаражатыңызды қайырымдылыққа жұмсадыңыз. Мұны жалғастыра беруге әбден болады.

Тоқты

Сіздің тоқты алдында болған жайт туралы түсініктеме беруіңіз керек. Анағұрлым жиі. Және де бұл тоқтының одан сайын күдіктенуіне жол ашады. Тоқтылар жағдайдың егжей-тегжейлі баяндалуын ұнатады. Барлық күмән тудырушы белгілер бетіңізге айтылады. Кез келген уақытта. Егер, күмән расталмаған жағдайда да тоқты кешірім сұрайды екен деп күтпеңіз. Өйткені осы күмәнге ой салған өзіңізсіз. Міне, осылай.

Торпақ

Сіз жай ғана әңгіме айта бастайсыз, ал торпақ оның бірнеше нұсқасын біліп отырады. Бұл жұлдызнама белгісіне жататын адамдар бақылағыш келеді және көрінген нәрсеге сенбейді. Торпаққа айтылған кез келген оқиға өткеннің, қазіргінің және болашақтың түсіндірмесі іспеттес. Торпақ бұл ақпаратты не үшін және қашан айтарыңызды біледі. Ол сізге сенбейді, ол сізден күдіктенеді. Бұған сіз өзіңіз кінәлісіз.
08 тамыз 2018 ж. 1 724 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам