Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АЙША КЕҢЕСБАЙ СЫР СҰЛУЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

АЙША КЕҢЕСБАЙ СЫР СҰЛУЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

  ҚМДБ-ның Қоғаммен байланыс және насихат бөлімі, Қызылорда облысы бойынша «Әйелдер-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің кітапханасында исламтанушы-журналист, гуманитарлық ғылымдар магистрі, Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз хатшысы Айша Кеңесбай Қызылордалық әйел жамағатымен кездесу өткізді.
Алдымен алғы сөз алған өкіл имам Болатбек қажы Ұласқанұлы жиналғандарға исламдағы әйел адамның алар орны мен ұлт тәрбиесінде атқарар рөлі маңызды екенін айтып, аталмыш жиын қонақтарының берер мәліметтері мен кеңестері пайдалы екенін жеткізді.
А.Кеңесбай сыр ханымдарына әйел адамның отбасындағы жақындарының басты жанашыр көмекшісі екенін ескерте отырып, өзін рухани жан-жақты дамытуда, білім ізденуде ықыластылық таныту керектігін, нәзік болмысын сақтай отырып, еңбекқорлық пен білім ізденушілікке, имандылыққа, адамгершілікке шақырушы,и баулушы мейірімділіктің бастауы болу керектігін түсіндірді.
Келелі кездесу «облыстық ішкі саясат басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ мен ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің бірлесуімен «Зайырлы қоғамдағы қыз баланың рухани келбеті» тақырыбында өткізілген отырыспен жалғасты.
Отырыста «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің әйелдер-қыздар жамағатының ұстазы Л.Сыдықова, Қорқыт ата тындағы ҚМУ-нің «Қыз-Жібек» қыздар клубының жетекшесі, АТТ мүшесі Н.Аймаханова, «Батыр ана» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, АТТ мүшесі Г.Әбдіхалықова, дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы А.Сақтағанова қонақ ретінде қатысып, жиналғандарға «Исламдағы әйел адамның алатын орны», «Қазіргі Қазақстан қоғамындағы әйел мәртебесі», «Зайырлы қоғамдағы қыз баланың рөлі» тақырыптарында баяндама жасап, түрлі тақырыптардағы мазмұнды бейнероликтер көрсетілді.
Шара соңы сұрақ-жауап, өзара пікір алмасу, тақырып аясында ұсыныстар білдірумен аяқталды.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
11 тамыз 2018 ж. 1 357 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 083 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам