Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ГРЕКИЯДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ЖАРИЯЛАНДЫ

ГРЕКИЯДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ЖАРИЯЛАНДЫ

  Құрлықтық Грекия облысының губернаторы Костас Бакояннис жексенбіде Эвбея аралындағы Дирфион-Мессапион муниципалитетінде алапат орман өртіне байланысты төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды ТАСС. 

«Жергілікті өзін-өзі басқару органдары өртті сөндіруге көмектесіп жатыр. Қазір ғана төтенше жағдай жарияладық. Баршаны полиция мен өрт сөндірушілердің нұсқауларын орындауға шақырамыз», - деп жазды Бакояннис Фейсбуктегі парақшасында. Өрт сөндірушілердің сөзіне қарағанда, Дағдарыстарды басқару жөніндегі кеңес құрылып, ішкі істер министрі Панос Скурлетистің қатысуымен жиын өткізген. Әзірге өрттің негізгі ошағын ауыздықтаудың сәті түспей отыр. Өрт ошағында орналасқан Кондодеспоти кенті, оған көршілес отырған Ставрос елді мекені эвакуацияланған. Эвбеядағы өртті сөндіруге 186 адам, 62 техника жұмылдырылған. Билік өкілдерінің айтуынша, Эвбеядағы өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ, өңірде тек екі үй жанып кеткен. Елді мекенді айнала өсіп тұрған ормандар жалын құшағында қалған. Оның үстіне желдің күшеюі өрт сөндіру жұмыстарын қиындата түсуде. Еске сала кетейік, Грекияда биылғы жазда алапат өрттер толастамай тұр. Өткен айдың аяғында Аттикада өрт салдарынан қаза тапқандардың саны 70-тен асқан болатын.  

inform.kz

13 тамыз 2018 ж. 1 352 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 259 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам