Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады

АУҚЫМДЫ ЖОБА

  Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен ү.ж. 13 тамызында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы шеңберінде «Ұлы Дала Елі» тарихи-танымдық экспедициясы болып өтті. Ауқымды жоба өңірімізде екі жыл қатарынан жүргізіліп келеді.
Қызылорда облысы Қазалы, Қармақшы аудандарының киелі жерлері, тарихи-мәдени нысандарымен танысуға облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Л. Төрешова, «Қоғамдық келісім» КММ директоры У. Ибраев, директордың орынбасарлары Р. Ахметова және А. Жұмабаев, облыстық этномәдени бірлестіктердің және облыстық «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенді мүшелері қатысты.
Оғыз мемлекетінің саяси-рухани астанасы – Жанкент қалашығы тарихи-танымдық экспедицияның бастауы болды. Жанкент қалашығы (IX-XI ғ.ғ.) – Азия мен Еуропаны байла¬ныстырған Ұлы Жібек жолы бойындағы ежелгі шаһар. Қалашықта зерттеу жүргізіп жатқан археолог-ғалымдар экспедиция мүшелеріне қаланың тарихы жайлы жаңаша ақпараттармен бөлісті.
Жанкент қалашығынан кейін экспедиция құрамы Қазалы ауданында орналасқан Ғани Мұратбаев музейіне тоқтады. Қатысушылар көрнекті қоғам қайраткері, Қазалы өңірінің даңқты перзенті, Орталық Азия мен Қазақстан жастар қозғалысын ұйымдастырушыларының бірі, Шығыс жастарының көшбасшысы – Ғ. Мұратбаевтың қолжазбалары мен жеке заттары және құжаттамаларымен танысты. «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшелері үшін дара тұлғаның өмір тарихы мен еңбек жолы ерекше әсер етті.
Саяхатшылардың келесі бағыты Әйтеке би кентінен батысқа қарай 4 шақырым жерде орналасқан Жанқожа батыр кесенесі болды. Экспедиция мүшелері кесенеге тоқтап, батырдың рухына тағзым етті. Кесене 1992 жылы өзінің бүкіл өмірін Арал маңы қазақтарының тәуелсіздігі жолындағы күреске арнаған Жанқожа Нұрмұхамедұлының құрметіне қойылған.
Топ мүшелерінің соңғы аялдамасы Қармақшы ауданы, Жосалы кентінен солтүстік-батысқа қарай 18 шақырым жерде орналасқан Қорқыт ата мемориалды кешені. Онда қобызды бейнелейтін төрт элементтен тұратын, әр тарапқа қаратып тұрғызылған құлпытастарға ұқсас – Стела, қошқар мүсіні, оңаша тілек тілейтін жер асты мінәжат үйі – Қылует, сондай-ақ, көне Рим дәуіріндегі архитектуралық құрылыс үлгісінде салынған түрлі ойындар мен сайыстарды тамашалауға арналған Амфитеатр орналасқан. Экспедиция мүшелері 3 экспозициялық залдан тұратын музеймен танысып, ондағы Қорқыт өмірі мен мәдениетінен сыр шертетін құндылықтар мен жәдігерлерді тамашалап, естелік суретке түсті.
Тарихи-танымдық саяхатқа қатысқан экспедиция мүшелері өңіріміздегі тарихи жәдігерлерімен танысып қайтқандарына зор алғыстарын білдірді.


Облыстық Қазақстан халқы
ассамблеясының баспасөз қызметі
15 тамыз 2018 ж. 1 439 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам