Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА БАНК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЭЛЕКТРОНДЫ ҚЫЗМЕТТЕРДІ МЕҢГЕРУДЕ

ҚЫЗЫЛОРДАДА БАНК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЭЛЕКТРОНДЫ ҚЫЗМЕТТЕРДІ МЕҢГЕРУДЕ

Қызылордада электронды үкімет порталы арқылы көрсетілетін қызметтер бойынша оқыту шаралары жалғасуда. Бұл жолы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлкетттік корпорациясының облыстық филиалы Банк қызметкерлері үшін семинар-кеңес ұйымдастырды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.
Қаржыгерлер электронды портал арқылы көрсетілетін қызметтерді күнделікті өмірде пайдалану дағдыларын арттырып, онлайн-режимде салық, айыппұл, коммуналдық төлемдер мен басқа да қызметтерді алуды үйренді. Сонымен қатар, мемлекеттік корпорация мамандары жақында ғана қосылған telegram bot, смс-хабарламаның арқылы үшінші тұлғамен анықтама алу электронды қызметтеріне тоқталды.
Айта кетейік, қазіргі таңда Telegram мобильді қосымшасында SMS-хабарлама арқылы ең жиі сұраныстағы 4 қызметті алуға мүмкіндік бар. Бұл қызметтердің ішінде - мекенжай анықтамасы, басқа заңды тұлғаларға жеке тұлғалардың қатысы туралы анықтама, сотталмағандығы туралы анықтама, жылжымайтын мүлкінің бар-жоғы туралы анықтама кіреді. Ботты қолдану үшін мобильді азаматтар базасында міндетті түрде тіркеуде болу керек. Сонымен қатар, анықтамаларды электронды поштаға жіберуге болады. Ол үшін чатқа электрондық поштаның мекенжайын жазу керек.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінде 746 мемлекеттік қызметтің 621 түрі, яғни 83 пайыздан астамы «Азаматтарға арналған үкімет» жүйесіне өткен. Электронды үкімет инфрақұрылымы арқылы бүгінде 452 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментімен бірігіп ұйымдастырылған іс-шара алдағы уақытта өз жалғасын таппақ.
16 тамыз 2018 ж. 1 299 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 081 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам