БАРЛЫҚ САЛА СЕНІМДІ АЛҒА БАСЫП КЕЛЕДІ

Жыл басында қала бюджеті 42 млрд. 115,7 млн. теңге болып бекітіліп, бүгінгі күнге 50 млрд. 264,2 млн. теңгені құрады. 2018 жылдың 6 айында өнеркәсіп кәсіпорындарымен 370 млрд. 233 млн. теңгенің өнімдері өндірілді.
Өңдеу өнеркәсіп саласында 18 млрд. 761 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 2,7 пайызға өсті. 2018 жылғы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 38 млрд. 100,4 млн.теңгені құрады. Облысқа салынған инвестицияның 43,7 пайызы Қызылорда қаласының үлесінде.
Қала бюджетінің 2018 жылдың 6 айына кірістер болжамы 23 млрд. 602,7 млн. теңгеге жоспарланса, нақты түсім 23 млрд. 800,9 млн. теңгені құрап, 100,8 пайызға орындалды. Оның ішінде өз кірістеріміз болжанған 8 млрд. 106,2 млн. теңгенің орнына 8 млрд. 295,8 млн. теңгеге немесе 102,3 пайызға орындалды.