Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАЗАҚСТАНДА ЖЕҢІЛ КӨЛІК ӨНДІРІСІ АРТТЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ЖЕҢІЛ КӨЛІК ӨНДІРІСІ АРТТЫ

  2018 жылдың 7 айында Қазақстан аумағында 17 246 автокөлік шығарылды. Олардың арасында жеңіл және жүк көліктері, автобус техникасы, арнайы машиналар бар. Бұл туралы «ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағы мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
«Есепті кезеңде Қазақстанда шығарылған көліктердің жалпы құны 103,8 млрд теңгеге бағаланып отыр. Жалпы, жеңіл автомобильдерді өндіру 85,9 пайызға өсіп, 16 139-ға жетті. Оның ішінде 10 172-сі «АЗИЯ АВТО» АҚ-ға, ал 5 967-сі «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-ға тиесілі», - делінген одақтың хабарламасында.
Биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша автобус техникасын шығару 2,4 есеге қысқарса, жүк көліктерін өндіру былтырғы деңгейде сақталды.
Есепті кезеңде отандық автозауыттар өткізген көліктер 15 460-қа жетіп, бұл көрсеткіш былтырғы деңгейден 63,9 пайызға артық болды.
Белгілі болғандай, жергілікті өндірістің автокөліктерін сатып алуға ел тұрғындары 87,9 млрд теңге жұмсады. Бұл өз кезегінде бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 48,5 пайызға жоғары.
«Қаңтар-шілдеде Қазақстанда құрастырылған жеңіл көліктердің арасында сұранысқа ие брендтердің бестігіне Lada (6 905 көлік), Hyundai (3 907), KIA (1 441), JAC (774) және Ravon (552) енді. Отандық кәсіпорындар ұсынатын маркалардың тізімінде Chevrolet (542), Skoda (319), Peugeot (122), SsangYong (10 ) бар екенін атап өткен жөн. Бұдан бөлек, жергілікті өндірістегі жеңіл көліктер сатылымының рейтингінде Lada брендінің модельдері бірінші орынға шықты. Осы орайда Lada Granta (2 073), Lada 4x4 (1 745) және Lada Vesta (1 319) модельдері көп сатылған. Сонымен қатар, қазақстандықтар арасында танымал модельдер тізімін Hyundai Tucson (1 281 көлік), Lada Largus (1 015), Hyundai Accent (972), Hyundai Elantra (832), Hyundai Creta (714), KIA Sportage (650) және Ravon Nexia (552) толықтырды», - дейді мамандар.
Аталған мерзімде 2 451автомобильді жеңілдікті автонесиелеу мембағдарламасының қатысушылары сатып алды.
20 тамыз 2018 ж. 1 343 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам