Денис Теннің қазасынан кейін 13 полицей жазаланды
Алматыда Денис Теннің өлімінен кейін ІІД-нің 13 қызметкері жазаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
19 шілде күні Алматыға жедел қызмет жұмысын тексеру үшін әрі алдын алу шараларын жүргізу үшін криминалды полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзиннің басшылығымен ІІМ орталық аппаратының қызметкерлері мен өзіндік қауіпсіздік қызметі келген болатын. Қазаға қатысты жан-жақты зерттеу жасау үшін Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жакупов та Алматыға ат басын бұрған еді.
«ІІД-ге практикалық көмек көрсету әрі тексеріс кезінде қоғамдық тәртіп сақтауды қамтамасыз ету мәселелерінде шикіліктер байқалды. Қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын бақылау барсында жергілікті полиция инспекторы жұмысынан кемшіліктер табылды. Қызметтік тергеу нәтижесі бойынша қалалық ІІД-нің 13 қызметкері қатаң жауапкершілікке тартылды, оның ішінде басшылықта отырған 3 қызметкер бар», - делінген Алматы қоғамдық кеңес сауалына берген ҚР ІІМ орынбасары Жанат Сүлейменовтың жауабында. Сондай-ақ, қалалық жергілікті полиция бастығы Ж.Байкенов пен Алмалы аудандық С. Кумабеков қызметінен босатылған. Бұдан өзге, Алматы ІІД-де 27 шілде күні ІІМ орынбасары Рашид Жакуповтың төрағалығымен жедел кеңес отырысы өткен болатын. Мұнда тексеру нәтижелері сарапталып, департамент қызметінің мақсаты белгіленді. Яғни ашылмаған мүліктік қылмыстарды сапалы әрі толық зерттеу, мүлік ұрланған жерде іздеу шараларының белсенділігін күшейту, бұрын сотталушы ретінде есепте тұрған адамдарды анықтауда жылдамдық таныту міндеттері алға қойылды. ІІД мен аудандық ІІБ-да қылмысты зерттетумен айналысатын арнайы жедел тергеу тобы құрылды. Топ тегеурінді тергеушілерден құралған.
Арайлым Жолдасбай
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/denis-tennin-kazasynan-keyin-13-policey-zhazalandy_a3363359