ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ӘЛЕУЕТІ
Сыр өңірінің білім, мәдениет, денсаулық, спорт және жастар саясатында даму бар. Бұл жайында облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов өңірлік коммуникациялар қызметінде мәлімдеді.
Санаулы күннен соң жаңа оқу жылы басталғалы тұр. Аймақта 665 мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс жасайды. Онда 60 924 бала қамтылған.
– 2013 жылдан бастап облыста үш ауысымда оқитын мектептер жоқ. Орта білім саласында жаңартылған білім мазмұнына көшу жалғасуда. 2017-2018 оқу жылында 293 мектепте жаңартылған білім беру мазмұнымен
1, 2, 5, 7-сыныптардағы 6 мыңнан астам оқушы қамтылды, – деді облыс әкімінің орынбасары.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қорқыт ата кітабы және Сыр бойында туған оғыз-қыпшақ эпостары», «Сыр бойының мәдени құндылықтары: ел аңыздары мен салт-дәстүр үлгілері» атты тарихи-танымдық жинақтарды баспаға әзірлеуде. Халықаралық маңызға ие «Науаи және Абай шығармашылығы: түркілік және жалпыадамзаттық рухани құндылықтар концепциясы» атты халықаралық ғылыми-танымдық конференция «Рухани жаңғыру» орталығының бастамасы негізінде өткізіледі.
Ортағасырлық Сығанақ, Жанкент, Қышқала, Сортөбе, Бәбіш мола, қалашықтарына археологиялық зерттеулер жүргізілуде. Бүгінгі күні Сығанақ қалашығының аумағы толықтай қоршалды. Сонымен қатар, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан Сығанақ қалашығының солтүстік-шығыс қақпасын және орталық көшесін қалпына келтіру шарасы қолға алынуда.
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы және Өңірлік жобалық кеңсе аясында 2 жоба жүзеге асырылуда. Біріншісі – «Қызылорда облысының тарихи-мәдени мұра нысандарының 3 D форматтағы интерактивті картасын әзірлеу» жобасы бойынша тиісті іс-шаралар мамыр айында басталды. Қазіргі таңда далалық зерттеу, сандық форматтағы ескерткіштердің түсірілімі, картографиялық жұмыс жүргізілуде. Аталған жоба қарашада аяқталады деп жоспарлануда. Ал, екінші, «Қызылорда облысының тарих және мәдениет ескерткіштеріне QR-код орнату» жобасы 1 қарашаға дейін толық жүзеге асырылып, кезең-кезеңімен 150 ескерткішке QR-код тақтайшалары орнатылады.
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында бүгінгі күні облыс кітапханаларында 5359 кітап цифрлы форматқа көшірілсе, «Электронды архив» ақпараттық жүйесі бойынша 932026 сақтау бірлігінің 10108 парағы сандық жүйеге енгізілді.
Денсаулық сақтау саласында 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы бойынша іс-шаралар жоспары шеңберінде жұмыс қолға алынды.
– Бағдарламаның негізгі индикаторлық көрсеткіші ретінде күтілетін өмір сүру ұзақтығы алғашқы көрсеткіш болып табылады. Қызылорда облысы бойынша бұл көрсеткіш 2018 жылдың қорытындысымен 72,2 жасқа жетуі тиіс, республикалық индикатор – 72,6 жас, – деді Р.Рүстемов.
Жастар саясаты мәселесінің негізгі басым бағытының бірі – аймақта жастар жұмыссыздығын азайту. Бұл мақсатта жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған «Рекрутинг» орталығы арқылы әртүрлі меншіктегі 20-дан астам кәсіпорынмен тығыз байланыс орнатылған. Өткен жылы 316 жұмыссыз жас құрылысшылар жасағының құрамына тартылса, оның 12-сі жазасын өтеп шыққандар, 4-еуі жазасын шартты өтеушілер, 13-і балалар үйінің түлегі, 287-сі жұмыссыз жас. Оған қоса жыл көлемінде 300 адамды еңбекпен қамту жоспарлануда.
Баспасөз мәслихаты барысында Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойына дайындық барысы айтылды.
– Қала мерекесі – бәрімізге ортақ. Жыл басынан бері түрлі шаралар өтуде. Бірақ, мерекелік салтанат қыркүйек айының соңынан басталады. Жоғары дейгейде өтуіне атсалысуымыз керек, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.