ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ НЕСИЕ БОЙЫНША ҚАРЫЗЫ ШАМАМЕН 6 ТРИЛЛИОН ТЕҢГЕ

Жеке тұлғаларға берілген несие (ЕДБ, МФҰ, онлайн және т.б.) 2018 жылдың маусым айының соңында 5,6 триллион теңге болды, бұл өткен айға қарағанда 2,3% артық. Сарапшылардың пікірінше, берілген бөлшек сауда несиелердің жартысынан астамы салық салынбайтын несиелер, олардың үлесі бір айда 51,3 пайыздан 51,7 пайызға дейін өсті.
Маусымда бөлшек сауда несиесін беретін онлайн-компаниялардың үлесі небәрі 2 пайыз болды, бұл биылғы ең төменгі көрсеткіш. Ал ең жоғарғы көрсеткіш 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында наурызда болған - 4,1 пайыз. Онлай-компаниялар интернет арқылы көп жағдайда 15 минутта несиені тез алуды ұсынады. Ең аз пайыз мөлшерлемесі күніне 0,25 тен 1 пайызға дейін, ең танымал пайыз мөлшерлемесі - 0,27 пайыз, ол жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің 100 пайызын көрсетеді.
Қарызды көбіне 1 айға (30-31 күн) алуға болады. Минимал мерзім - 21 күн, максимал - 365 күн. Сегменттегі максимал сома - 300 мың теңгеге дейін. Көбіне таралған сома - 200 мың теңгеге дейін. 16 шілдеде Ұлттық банк онлайн-несиеге байланысты заңнамаға өзгертулер енгізген. Онда 100 пайыз жылдық мөлшерлемеге шектік уақыт бекітілді деп еске салады сарапшылар.