Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АУА РАЙЫ: ҚАР ЖАУЫП, АЯЗ БОЛАДЫ

АУА РАЙЫ: ҚАР ЖАУЫП, АЯЗ БОЛАДЫ

    Қыркүйек айына арналған ауа райы болжамы Қазгидромет күздің алғашқы айы – қыркүйекке ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik. 
Тамыз айының соңындағы бұлтты және жаңбырлы ауа райы қыркүйекте жалғасады. Айдың басында арктикалық ауа массаларының қарқынды ығысуына байланысты солтүстік, шығыс пен елдің орталығында күн қатты суытуы мүмкін. 
Елдің солтүстігінде 1-2 қыркүйекте, орталықта 2-3 қыркүйекте, шығыста 3-4 қыркүйекте түнде ауа температурасы түнде 1… 6 градусқа дейін төмендейді, кей жерде 3 градус аяз болады, күндіз 8…16 градус жылы болады 
Тек батыс және оңтүстік өңірлерде күн жылы және жауын-шашынсыз болады, ауа температурасы күндіз 23…30 ыстық деңгейінде сақталады. 
Ұзақ мерзімді ауа райы болжамына сәйкес, елдің солтүстік бөлігінде қыркүйектің ортасында және үшінші онкүндігінде күн суытып, түнде үсік жүреді, жаңбырдың соңы жабысқақ қарға ұласады. 
Басқа күндері ауа температурасы аз уақытқа көтеріледі: солтүстікте күндіз 15…25 градус, оңтүстікте 23…30 градусқа дейін болады. 
Сөйтіп, қыркүйекте орташа ауа температурасы Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында нормадан 1°С жоғары, ал Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында нормадан 1°С төмен, ал басқа өңірлерде норма шамасында болады деп болжанып отыр. 
Бір айда түсетін жауын-шашынның мөлшері Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Түркістан облыстарында нормадан төмен, басқа аумақта нормаға жуық болады. 
03 қыркүйек 2018 ж. 2 120 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам