СЫР ЗІЛТЕМІРШІЛЕРІ АЛЫПТАР АЙҚАСЫНДА АЛҒА ОЗДЫ
Илья Ильин, Александр Зайчиков, Рүстем Сыбай, Әсем Садықова және Азамат Төлеген облыс құрамасын жеңіске жеткізді. Ауыр атлетикадан Талдықорғанда өткен ҚР чемпионатында қызылордалық құрама 5 алтын, 2 күміс жəне 1 қола жүлде иеленіп, жалпы командалық есеппен бірінші орынға шықты.
Талдықорғанда ауыр атлетикадан ерлер мен əйелдер арасында ҚР чемпионаты өтті. Дүбірлі додада Қызылорда облысының ерлер құрамасы табысты өнер көрсетіп, 360 ұпаймен командалық есепте 1-орынды жеңіп алды.
Бұл аталған жарысқа жерлесіміз Илья Ильинде қатысты. Илья 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, алтын медаль жеңіп алды. Ол екі жаттығу қорытындысы бойынша 380 келі салмақты (172+208) еңсерді.
Ал 96 келіге дейінгі салмақта тағы бір жерлесіміз атлет Рустем Сыбай жеңіске жетті. 25 жастағы спортшы екі жаттығу нәтижесінде 378 келі салмақты көтерген. Еске сала кетсек, Ильия Ильин соңғы рет 2015 жылдың желтоқсан айында ресми жарысқа қатысқан еді. Ол кезде Ильин Грозныйда өткен РФ Президентінің кубогы жарысына қатысып, қарсылас шақ келтірмеген болатын.
– Бұл дегеніңіз керемет сезім. Мен оралдым. Маған қатты ұнады. Әрине, өте қатты толқыныс болғандықтан кіші салмақтардан бастадым. Бірақ барлығы жоспардағыдай атқарылды. Күрес те мықты өрбіді. Рүстеммен біз бұрыннан таныспыз. Еншімізге екі алтын тиюі үшін бүгін аянбай бәсекелес болдық. Эмоция өте қатты сезілді. Сондықтан қорқыныш та екі есе артты. Енді әрі қарай дайындықты жалғастырып, әлем чемпионатына барамыз. Егер ол жаққа жол түспесе құрлықтық сайыстарға қатысамын – деді Илья әлеуметтік желіде.
Жарыс нәтжиесінде зілтеміршілер – 5 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль алды. Жерлесіміз Александр Зайчиков (109 кг), Илья Ильин (102кг), Рүстем Сыбай (96 кг), Әсем Садықова (64 кг), Азамат Төлеген (61кг салмақ дәрежесінде) чемпионатта алтын медальға ие болды.
Спортшылар қараша айында Ашхабадта өтетін Əлем чемпионатына қатысатын болады.

Жарасхан ҚУАНЫШБАЙҰЛЫ.