МҰНАЙ-ГАЗДЫ ИГЕРУ АРТПАҚ
Осы аптада аймақтың жер қойнауын пайдаланушылармен кездесу өтті. Онда мұнай экспортының үлесін арттыру, газ өндіру және жаңа кен орындарын игеру мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің өңірге жасаған іс сапарында саланы дамыту бойынша нақты тапсырмалар бергенін атап өтті.
Облыс әкімінің айтуынша, биыл мұнай өндіру көлемі 2017 жылға қарағанда 600 мың тоннаға азайып, 6,2 млн. тоннаны құрайды. Яғни, 7,5 пайызға төмендеген. Сонымен қатар, мұнай компаниялары ішкі нарықта өндірілген мұнайдың 80 пайызын өндіреді. Мұнда бір барреліне 30 АҚШ доллары, ал экспорт бағасы 70 АҚШ долларын құрайды.
Талқыланған мәселелерді ескере отырып, ҚР Энергетика министрлігі мен Қызылорда облысының әкімдігі бір ай ішінде аймақтың мұнай компанияларының кем дегенде 50 пайыздық үлесін қолдану мүмкіндігін қарастыру тапсырылды. Сондай-ақ, облыс әкімі алдын-ала барлау деректері бойынша 50-70 миллиард текше метр газдың артуы туралы болжам бар екенін атап өтті.
– Мұндай жағдайларда «өсім» нүктелерінің бірі және өңірдегі мұнай өндірісінің өтемақысы газ өндірісін кеңейту болып табылады. Дегенмен, бір ұлттық операторға төмен бағамен газ сатудың қолданыстағы кестесі өндіріс шығындарын да қамтымайды, – деді аймақ басшысы.
Сонымен қатар, облыстың жер қойнауын пайдаланушылар газды турбиналық қондырғыларда айдап немесе оны күйдіруді жалғастыруда.
– Газ өндіру үшін экономикалық ынталандыру қажет. Осыған байланысты біздің ұсынысымызда ҚР Энергетика министрлігі «ҚазМұнайГаз» мен «ҚазТрансГаз» АҚ-ы бірлесіп бір ай мерзімде дайын газ өнімдерін бөлу қағидаттарына өзгерістер енгізуге, атап айтқанда, жобаға қатысатын газ өндіруші компанияларға сыртқы нарыққа шығарылатын газдың 50 пайызын өз күшімен және ұлттық операторға қолданыстағы шарттарға сай міндетті 50 пайызын сату жүктеледі, – деді Қ.Көшербаев.
Мұнай экспортының үлесін ұлғайту, газ бағасын қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар өңірдегі мұнай-газ компанияларына кірістерінің ұлғаюына мүмкіндік береді. Өз кезегінде алынған түсімдер жаңа кен орындарын барлауға және бұрғылауға, жаңа технологияларды енгізуге бағытталуы тиіс. Осылайша, жаңа кен орындарын іздестірудің перспективалық бағыттары ретінде Арал, Сырдария және Шу-Сарысу бассейндерін атауға болады.
– Арал теңізінің Өзбекстан тарапына қарайтын аумағы белсенді түрде зерттеліп жатқанын ескеріп, қазақстандық тараптан да зерттеу жүргізілудің қажеттілігі туындап тұр. Қазіргі күні облыстағы мұнай кен орындары құлдырап, мұнай бұрғылау 1,5-2 мың метр тереңдікте жүргізілуде, – деді аймақ басшысы.
Қызылорда облысында МЖӘ принциптеріне негізделген бір параметрлік ұңғымаларды бұрғылау жүргізуді ұсынды. Аймақ басшысы өз сөзінде әкімшілік тарапынан жер қойнауын пайдаланушылардың ұсыныстарын ілгерілетуде көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті.

Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.