Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЕЛІМІЗДЕ ОҚУЛЫҚТАР ҚЫМБАТТАДЫ

ЕЛІМІЗДЕ ОҚУЛЫҚТАР ҚЫМБАТТАДЫ

    Жаңа оқу жылы қарсаңында елімізде оқу және анықтамалық әдебиеттердің бағасы 6,4 пайызға өскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz сарапшыларына сілтеме жасап.
Оқу-анықтамалық әдебиеттер қыркүйек айына қарай 6,4 пайызға қымбаттап, орташа есеппен алған 1,3 мың теңгеге дейін қымбаттап кеткен. 2018-2019 оқу жылы қарсаңында 12 миллионнан аса оқулық сатылды: 3,6 және 8-сынып оқушылары үшін. ҚР Білім және ғылым министрлігі өкілдерінің мәліметіне қарағанда, осы сыныптарда 906 мың оқушы оқиды. "Бүгінде республика бойынша оқулықтардың 92,5 пайызы өңірлерге жеткізілді. Жамбыл, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Шымкент қалаларына оқулықтар 100 пайыз жеткізілді.
Бірақ сарапшылардың сөзіне қарағанда, кейбір өңірлерде оқулықтар толықтай жеткізілмеді: Ақмоладағы 6 ауданға, Қостанайдағы 3 ауданға, Шығыс Қазақстан облысындағы 2 ауданға, Қызылорда облысындағы бір ауданға оқулықтарды жеткізу мүмкіндігі болмағандықтан олар өз беттерінше жеткізіп алуы тиіс.





12 қыркүйек 2018 ж. 1 504 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам