Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » СЕГІЗ НЕМЕРЕНІҢ ӘЖЕСІ ТӨРТЕМГЕ ЖҮКТІ ЕКЕН

СЕГІЗ НЕМЕРЕНІҢ ӘЖЕСІ ТӨРТЕМГЕ ЖҮКТІ ЕКЕН

    Ұлыбританияда жақын арада төртем туатын ең кәрі ана болып 50 жастағы Трейси Бриттен атанды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі The Sun порталына сілтеме жасап. 
Трейси Кипр қаласында жасанды ұрықтандыру арқылы жүкті болған. Қазір ол жүктіліктің 25-ші аптасында екен, ал 32-ші аптада Кесарев арқылы босанады екен.  Трейси күйеуі Стивенмен бірге үш қыз бен ұл дүниеге келетінін айтты. Трейсидің үш баласы мен сегіз немересі бар екені анықталды. "Жыл сайын кем дегенде бір баладан туып отырғанды армандайтынмын. Жасым 50-ге келген соң, жасанды ұрықтандыруға жүгіндім", - дейді Трейси. 
Әйелдің айтуынша, ол жұрттың сөзін елемейді екен. "50 жасында босанып жатқан мен ең бірініші және ең соңғы емеспін. Мен өзімді 50 жастағы әйелге ұқсатпаймын және елу жастағыдай сезінбеймін. Жұрт менің тағдырымды білмейді. Бірақ, менің төрт сымбатты баламды көрген кезінде ойларын өзгертер", - дейді ол. Трейсидің бірінші күйеуінен үш баласы бар екен. Бұрынғы күйеуімен 2003 жылы ажырасып, араға екі жыл салғаннан кейін Стивенді жолықтырған. 
14 қыркүйек 2018 ж. 1 513 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 518 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам