ТІРКЕЛМЕГЕН ТЕЛЕФОНДАР БАЙЛАНЫСТАН АЖЫРАТЫЛАДЫ

Тіркеу онлайн немесе байланыс операторының кеңсесінде жүргізіледі. Ал, егер ұялы телефонның нөмірі тіркелмеген немесе басқаның атында болса, өзіңізге ауыстыру керек болады. Әйтпесе, IMEI код басқаның атына жазылып немесе байланыс құрылғыңыз бұғатталып қалуы да мүмкін. Мұндай база ұрланған болмаса контрафактілік жолмен келген ұялы телефондарды анықтауға, ылаңкестіліктің алдын алып, қылмескерлерді табуға таптырмас көмек дейді мамандар. Өйткені, қазір смартфонның IMEI коды болғанымен оның кімге тиесілі екенін анықтау қиын. Егер, базаға тіркеліп тұрса, иесін бірден табуға болады. Ал, тіркелмеген телефондар жаппай бұғатталады.
qazradio.fm