ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ЖҮРГІЗУШІСІНЕ ШАБУЫЛ ЖАСАЛДЫ (ВИДЕО)
Алматыда ер адам ұрып-соққан жедел жәрдем жүргізушісі бетін жарақаттап алған. Фельдшер Гүлсім Рахимова Tengrinews.kz тілшісіне бұл оқиғаның Мақатаев көшесінде болғанын айтты. "Жүргізушінің бетін жарақаттап, қабағын жарған. Оны ауруханаға жеткізді. Бетінің барлығы қан-жоса, қанды ісік. Жүргізушінің есімі - Николай, шамамен 60 жаста, жедел жәрдемде ұзақ уақыт жұмыс істейді. Оны барлығы таниды", - дейді фельдшер.
Гүлсім Рахимова оқиғаның мән-жайын айтып берді. "Біз науқас әйелмен ауруханаға бара жаттық. Бастапқыда Жібек жолы көшесімен келе жаттық, бірақ онда кептеліс болды. Кейін Қонаев көшесіне бұрылып, Мақатаев көшесімен кеттік. Онда да кептеліс болды, содан жүргізуші дабылды қосып, қоғамдық көліктер жүретін жолаққа шығып кетті. Сол кезде бір көлік бізден озып өтіп кетіп, алдымызға тоқтады. Біздің жүргізуші оны айналып өтті, ол болса тағы алдымызға тоқтап алды. Екі-үш рет солай жасады. Сосын төбелес басталды. Видеосы бар. Сол сәтте біз Мақатаев көшесінде тұрдық. Науқас әйелмен кетіп бара жатқан едік", - дейді Рахимова. Оның айтуынша, полиция шақырғанда шабуыл жасаған ер адам оқиға орнынан кетіп қалған. Еске сала кетейік, мұның алдында Алматыда ер адамның жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққаны жайлы хабарланған еді. Полиция өкілдері ер адамның жауапкершілікке тартылатынын айтқан болатын.