Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АВТОКӨЛІК ЖҮРГІЗУШІЛЕРІНЕ ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ

АВТОКӨЛІК ЖҮРГІЗУШІЛЕРІНЕ ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ

   Ішкі істер министрлігінің өкілдері 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап көлік құралын тіркеу туралы куәліктің жаңа үлгісін енгізуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы ІІМ Әкімшілік Полиция комитетінің Facebook желісінде парақшасында айтылады. Комитеттегілердің мәліметінше, қазіргі уақытта бұл жоспар талқылану үшін электрондық үкімет порталында жарияланған. Осы жаңашылдықтың "Жүргізуші куәлігі және көлік құралын тіркеу туралы куәлік бланкілерінің нысандары мен үлгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 874 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ІІМ бұйрығының жобасында қамтылғаны айтылады. Жаңа үлгідегі КҚТК-ның өлшемі азаяды (5,4*8,6 сантиметр), қорғау (ультракүлгін, голографиялық) элементтерімен және интегралды микросызбамен жарақталады. Көлік құралын тіркеу куәлігінің интегралды микросызбасы мынадай мәліметтерді қамтиды: 1. Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісі; 2. Куәліктің сериясы мен тіркеу нөмірі; 3. Куәліктің берілген күні; 4. Маркасы, моделі; 5. Көлік құралының шығарылған жылы; 6. Көлік құралының санаты;  7. Есептен шығарылғаны туралы белгі; 8. Сәйкестендіру нөмірі (VIN); 9. Жүктемесіз массасы кг.; 10. Қозғалтқыш көлемі, см, текше; 11. Рұқсат етілген max массасы, кг; 12. Көлік құралының түсі; 13. Көлік құралының иесі; 14. Тұрғылықты жері; 15. Ерекше белгілер; 16. Бастапқы тіркелген күні; 17. Көлік құралын қайта жабдықтау түрлері туралы мәліметтер; 18. Өзге де мәліметтер. Онымен қоса, ескі КҚТК-ларды жаңаға міндетті түрде ауыстыру болмайды. Жаңа үлгідегі КҚТК жоспарлы түрде көлік құралдарын тіркеуге қойған кезде және қайта тіркеуге алған кезде берілетін болады. Бұл ретте бұрын берілген куәліктердің қолданылу мерзімі шектеусіз қолданылатын болады. Сондай-ақ, КҚТК беру үшін мемлекеттік баж да өзгермейтіні айтылады.








kaz.tengrinews.kz
24 қыркүйек 2018 ж. 2 514 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам