ЖӘРМЕҢКЕ ӨТЕДІ
Облыс әкімінің азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында үстіміздегі жылдың шілде, тамыз, қыркүйек, қазан айларында Қызылорда қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелерін ұйымдастырудың 2018 жылғы 18 шілдеде бекіткен кестесіне сәйкес, үстіміздегі жылдың 29 қыркүйек күні Қызылорда қаласының Жанқожа батыр көшесінің бойы (Реалбаза алды) Қармақшы ауданыныңауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен кәсіпкерлерінің қатысуларымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіледі. Осы ұйымдастырылатын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелеріне қала тұрғындарын қатысуға шақырамыз.