Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЖӘРДЕМАҚЫ: КІМГЕ, ҚАЛАЙ ЖӘНЕ ҚАНША ТӨЛЕНЕДІ?

ЖӘРДЕМАҚЫ: КІМГЕ, ҚАЛАЙ ЖӘНЕ ҚАНША ТӨЛЕНЕДІ?

     Жыл сайын айлық есептік көрсеткіштің өсіп отыруына байланысты мемлекеттен балаларға берілетін жәрдемақының мөлшері де өзгеріп тұрады
 Қазақстанда ана мен баланы қорғау, демографиялық жағдайды жақсарту мен бала тууды ынталандыру шаралары аясында бірнеше мемлекеттік жәрдемақы қарастырылған. Sputnik Қазақстан биыл жәрдемақы түрлерінің мөлшері қаншаға өскенін және кімдерге берілетінін анықтады. 

Бала туғанда берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы республикалық бюджет есебінен жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін әйелдерге төленеді.

  • бірінші, екінші, үшінші балаға – 38 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) немесе 2018 жылы 91 390 теңге;
  • төртінші және одан кейінгі балаларға – 63 АЕК немесе 2018 жылы 151 515 теңге.
Бір жасқа дейінгі берілетін ай сайынғы жәрдемақы
Сәби бiр жасқа толық толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты тағайындалатын ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (жұмыс істемейтін әйелдерге):
  • бірінші балаға – 5,76 АЕК немесе 13 853 теңге;
  • екінші балаға – 6,81 АЕК немесе 16 379 теңге;
  • үшінші балаға – 7,85 АЕК немесе 18 880 теңге;
  • төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,90 АЕК немесе 21 405 теңге. 
Ал жұмыс істейтін әйелдерге бала күтіміне байланысты бiр жасқа толғанға дейiн төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлем мөлшері былай есептеледі: 
Төлем мөлшерін есептеу үшін соңғы 2 жыл ішіндегі жалпы табысты  (Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылған әлеуметтік аударымдармен расталады) 24 айға бөліп, содан кейін 0,4-ке көбейтіп, кейін шыққан сомадан 10% зейнетақы жарнасын алып тастау қажет.   
Мысалы, айталық, сіз босанғанға дейін 2 жыл жұмыс істедіңіз, жалақыңыз 200 мың теңге. Енді жалпы жиынтық табысты есептеу үшін 200 мың теңгені 12 айға көбейтеміз.
12*200 000= 2 400 000
Осы 2 400 000 теңгені 24 айға бөлеміз: 2 400 000/24= 100 000 теңге
100 000 теңге – табыстың орташа айлық мөлшері. Осы орташа айлық мөлшерді 0,4 коэффициентіне көбейтіп, 10% зейнетақы жарнасын шегереміз. 
100 000*0,4 = 40 000 теңге, 10% шегергенде босанған әйел ай сайын 36 000 теңге алады.
Жұмыс істейтін әйелдерге жүктілікке және босануға байланысты төленетін біржолғы әлеуметтік төлемнің мөлшері былай есептеледі: орташа айлық табысты жұмысқа қабілетсіздік күндер санының тиісті коэффициентіне көбейтіп, кейін шыққан сомадан 10 процент зейнетақы жарнасын алып тастайсыз. 
Бұл жәрдемақы түрлері баланы туған, асырап алған, сондай-ақ қамқоршылыққа алған балалары бар отбасыларға тағайындалады. 
Сонымен қатар, биыл Елбасының тапсырмасымен 1 шілдеден бастап кәмелетке толған, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерді бағып отырған ата-аналар үшін қосымша мемлекеттік жәрдемақы енгізілді. 
Қосымша жәрдемақыны шамамен 14 мың отбасы ай сайын алатын болады. Жәрдемақы көлемі биыл ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,05 мөлшерін немесе 29 699 теңгені құрайды. 

Көп балалы аналар

Отбасы саясатын нығайту және сақтап қалу, көп балалы аналардың мәртебесі мен беделін арттыру мақсатында әлеуметтік қолдау шарасы ретінде көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақы қарастырылған.
"Алтын алқа", "Күміс алқа" белгілерімен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға
6,4 АЕК немесе 2018 жылы 15 392 теңге төленеді. 
Бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға (арнаулы мемлекеттік жәрдемақы 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін тағайындалған отбасыларға ғана төленеді): 
4,16 АЕК немесе 2018 жылы 10 005 теңге.
Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұрмысы төмен отбасыларға көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек жаңа тәртіп бойынша төленеді. Яғни атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балаларға төленетін жәрдемақы, төрт және одан да көп балалары бар отбасыларға төленетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы біріктірілген. 
Айта кетсек, үш жәрдемақының жалпы сомасы тұрмысы төмен отбасылардың әр мүшесіне ай сайын 6396 теңгені құрайтын. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 10 процентке көтерілуіне байланысты әрбір жан басына қосымша берілетін көмектің сомасы 2500 теңгеге артады. 
Атаулы әлеуметтік көмек шартсыз және шартты ақшалай көмек болып бөлінеді. Яғни тұрмысы төмен отбасылар бұл көмекті алу үшін мемлекет қойып отырған шарттарды орындауы тиіс. 
Шартты ақшалай көмек – отбасында кем дегенде еңбекке жарамды бір мүшесі бар отбасылар үшін. Отбасы әлеуметтік келісімшартқа қол қойып, жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысқан кезде ғана беріледі. Яғни мемлекет еңбеккке қабілетті азаматты жұмысқа орналастырып, кәсібін ашқысы келетіндерге микрокредит береді. Егер азамат әлеуметтік келісімшартқа отырудан бас тартса, онда атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмайды. Сондай-ақ, жұмыспен қамту шараларына қатысуды өз еркімен тоқтатса, онда төленіп жатқан атаулы әлеуметтік көмек те тоқтатылады. 
Ал шартсыз ақшалай көмек еңбекке қабілетті азаматтары жоқ немесе орынды себептермен жұмысқа шыға алмайтын отбасыларға беріледі. Мәселен, отбасында 7 жасқа дейінгі баланы қарайтын немесе мүгедек баланы бағып отырған,  немесе мүгедек жанды күтіп отырғандар, әрине, жұмысқа шыға алмайды. Осындай отбасыларға шартсыз көмек көрсетіледі. Көп балалы жалғызбасты аналарға да шартсыз ақшалай көмек көрсетіледі. 
Дереккөз: https://sputniknews.kz
01 қазан 2018 ж. 3 045 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам