Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ОҚУШЫ ЗАҒИПТАРҒА АРНАЛҒАН АҚЫЛДЫ ТАЯҚ ЖАСАДЫ

ОҚУШЫ ЗАҒИПТАРҒА АРНАЛҒАН АҚЫЛДЫ ТАЯҚ ЖАСАДЫ

       Жобасын іске асыру үшін ол қарапайым материалдар мен мектептегі электрондық құрылғыларды ғана пайдаланды.
10-сынып оқушысы Әлихан Рахметов зағип және көру қабілеті шамалы адамдарға арнап көшеде қозғалу мен жүруді жеңілдететін таяқ жасады. Бұл туралы Астана әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әлихан Астанадағы №73 лицейде оқиды. Ол мектептегі STEM-зертханаларында әлеуметтік жобасын іске асырып жүр.
Әлиханның айтуынша, ол таяқты қарапайым құрылғылар мен динамикалар арқылы жетлдірген. Алдағы бөгетке бір метр қалғанда роботталған таяқ дыбыс шығарады. Сонымен қатар орнатылған электрондық құрылғы бөгетті 90 градуста көре алады, яғни датчик алдында бөгетті көргенде динамикке сигнал береді. Мұндай құрылғыны жасау үшін динамик арқылы сигнал беретін ультрадыбысты сенсор орнатылды. Қаланың жанданған көшелерінде де сигналдың естілуі үшін дыбыс жиілігі 4000 герцке көтерілген.

Жобаны іске асыруға Әлихан Рахметов бір ай жұмсаған. Оның айтуынша, таяқты жасау үшін ол қарапайым материалдарды қолданған: пластик, 500 теңгеге сатып алған таяқ. Ал электрондық құрылғылар (датчик пен динамик) мектепте бар.

Зағип адамдарға арналған қарапайым таяқты пайдаланып, осы датчиктерді орнатуға да болады. Таяқ аккумулятор арқылы жұмыс істейді, желі арқылы қуатталады. Толық бір қуаты бір аптаға жетеді, – дейді Әлихан.
Жобаны іске асыруға оған STEM-зертханасындағы оқытушысы Жанат Нұғыманов көмектесті.
Әлихан – өте талантты, болашағы зор оқушы. Ол 8-сыныптан бастап жаңармалы энергия көзіне қызығып, кішігірім гидроэлектростанциялар құратын еді. Жақында республикалық ақпараттық жүйелер бойынша конкурста 3-орынды иеленді, – дейді мұғалімі оқушысы жайында.

Осы жылдың соңына дейін Әлихан Рахметов әкесінің көмегімен жобасын патенттеп, осы іске асыруды жоспарлап отыр.
Бұл әлеуметтік бағдарлама болғандықтан таяқты қолжетімді бағаға сатамыз. Оны құрастыратын жер болса, жеткілікті, – дейді Әлихан.
Айта кетейік, мектептегі STEM-зертханасының үйірмесі 4 бағытты біріктіріп жұмыс істейді: ғылым, технология, инженерия, математика. Бұл жерде балалар робот техникасын, 3D-модельдеуді және бағдарламалауды үйренеді.
Дереккөз: baribar.kz
Фото: Аstana.gov.kz
08 қазан 2018 ж. 1 060 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 443 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам