ЖАСТАР АРАСЫНДА СУРЕТШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Аталмыш шара жас оқушылар мен жастарды шығармашылық әрекетке тарту, дарынды жастарды анықтау және қолдау, оларды танымдық қызығушылықтарға ынталандыру мақсатында өткізілді. Жалпы сайысқа 21 оқушы қатысып, 1 орынды Қанағатов Медет, 2 орынды Зияхметова Альфия, 3 орынды Бердалы Маржан иеленіп бағалы сыйлықтармен, алғыс хатпен марапатталды.Шара соңында жас суретшілер естелік суретке түсіп,өздерінің алдағы уақытта көптеп өткізілсе деген тілектерін білдірді.