Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ҚАЛА

ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ҚАЛА

   Елбасының биылғы Жолдауында біздің сала бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасы кеңінен қамтылды.
Бүгінде Қызылорда қаласында тұрғын үй құрылысы бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасы табысты іске асырылып келеді. Осы орайда Мемлекет басшысы атап өткендей, тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігін арттыратын жаңа ауқымдағы «7-20-25» бағдарламасы қолға алынды.
Сондай-ақ, халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтары үшін ірі қалаларда жалдамалы тұрғын үй құрылысын ұлғайту қажеттігін баса айтты. «Бұл шаралар 250 мыңнан астам отбасы үшін тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Бюджет есебінен салынатын жаппай құрылыс алаңдарына арналған инженерлік инфрақұрылым жүргізуді қоса алғанда, мемлекет бес жыл ішінде 650 мың отбасыға немесе 2 миллионнан астам азаматтарымызға қолдау көрсетеді» деді Елбасы.
Соңғы жылдары Қызылорда қаласында тұрғын үй құрылысы ерекше қарқын алып, халықты баспанамен қамту көрсеткіші еселеп артты. Осындай ауқымды жобалардың нәтижесінде кейінгі 5 жыл көлемінде жаңадан 12 шағын аудан бой көтеріп, 7 мыңға жуық тұрғын жаңа пәтерге ие болды.
Былтыр бас жоспарға сәйкес Сырдария өзенінің сол жағалауынан жаңа қаланың іргесі қаланды. Сол жағалауда құрылыс компанияларының өз қаражаты есебінен 5 қабатты 18 тұрғын үйдің және 320 орындық балабақшаның, «Болашақ» университетінің студенттер қалашығы, жастар орталығы тағы да басқа нысандар бой көтерді.
Сонымен қатар, Қызылорда қаласында апатты жағдайдағы тұрғын үйлердің мәселесі толық шешілді. Бұл тек жаңа баспана иелері үшін ғана емес, біз үшін де үлкен қуаныш. Бұрын баспанасы апатты деп танылған жерлестеріміздің жағдайы, бізді қатты алаңдатқан ең өзекті мәселелердің бірі еді. Айта кету керек, «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында соңғы 5 жылда қала бойынша                                 3 млрд. 200 млн. теңгеге 123 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өткізілді.
Жақсылық ЕРЖАНОВ,
қалалық сәулет және қалақұрылысы бөлімінің басшысы.


16 қазан 2018 ж. 1 248 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам