Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ ҚАҢТАРДАН БАСТАП ОҚУҒА ТҮСЕ АЛАДЫ

МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ ҚАҢТАРДАН БАСТАП ОҚУҒА ТҮСЕ АЛАДЫ

  ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты өзгерістерді жариялады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Біріншіден, келесі жылдан бастап ҰБТ жыл ішінде қаңтар айында басталып, бірнеше рет өткізіледі. Екіншіден, қаңтардан бастап мектеп түлектері үшін ақылы негізде оқуда шартты түрде түсуге мүмкіндік беріледі. Үшіншіден, жоғары оқу орындарында шетел азаматтарының оқу жылы кезінде оқуға қабылдау мүмкіндігі қарастырылған. Төртіншіден, шетел азаматтары, соның ішінде қазақ диаспорасы үшін стипендиялық бағдарламалар енгізіледі. Бесіншіден, магистратураға қабылдаудың жаңа моделі енгізілуде. Оның негізі бакалавриатқа қабылдау моделіне ұқсас. Сондай-ақ магистратурада гранттар студенттерге беріледі және жоғары оқу орындарын таңдау мүмкіндігі болады», - деді Е.Сағадиев Үкіметтің бүгінгі отырысында. Айта кетейік, бұған дейін ұлттық бірыңғай тестілеу мен кешенді тест қатар өткізілетіндігі туралы хабарлаған болатынбыз.

16 қазан 2018 ж. 1 393 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 259 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам