Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЕКПЕ ТҰМАУДАН ҚҰТҚАРА АЛА МА?

ЕКПЕ ТҰМАУДАН ҚҰТҚАРА АЛА МА?

   Қазан-сәуір аралығы маусымдық жұқпалы аурулардың, әсіресе тұмау вирусының көп кездесетін уақыты. Жыл сайын түрленіп, жаңа штаммен шабуылдап жүрген тұмаудан оған қарсы вакцина салдыру арқылы сақтануға болатынын мамандар да жиі айта бастады. Вакцинациялау шарасы басталып та кетті. Ал осы вакциналар тұмау­дан қаншалықты қорғайды? Осы жөнінде аз-кем айта кеткенді жөн көрдік.
Тұмаудың А, В, С  деп бөлі­нетін негізгі үш түрі бар. Олардың өзі де тез өзгеріске еніп отырады. А түрінің эпидемиясы 10-40 жылда қайталанып тұрады. Басқасы 2-3, 4-7 жылда қайталанады. Ал С түрі жылдың барлық мезгілдерінде пайда болады. Вирус жұққан адам алғашында әлсіздік сезі­неді, тоңып, буындары сырқырайды, бұлшық еттері ауырады. Кейін дене қызуы 39-40 градусқа дейін көтеріледі (балаларда құрысып-тырысу орын алуы мүмкін). Бас айналады, ауырады, жөтел пайда болады, мұрыннан мөлдір сұйық, сосын іріңді  сұйық бөлінеді.
Тұмаумен бір ауырған адамда оған қарсы иммунитет пайда болады. Бірақ тұмаудың өзі жиі өзгереді, сондықтан онымен бір ауырған адамның қайтадан ауыруы да мүмкін. Оның қауіптілігі түрлі созылмалы ау­руларды ушықтыратындығында. Өз кезегінде созылмалы дерттер де тұмауды асқындыра алады. Осыдан пневмония, отит, менингит, жүрек-қан тамырлары, жүйке жүйесі зардап шегеді.
Міне, сондықтан да вакцина егу тәртібі жолға қойылған. Жиі ауыратын, созылмалы дерт­­тен зардап шегетін (мысалы, бронх демікпесінен), орталық жүйке жүйесінде жерті бар, туабітті немесе жүре келе пайда болған жүрек ақауы бар, жүрек соғысында бұзылыс бар, бүйрек жетіспеушілігі, қан ау­руы, қант диабеті, иммундық жетіспеушілігі бар жандар мен балабақша бүлдіршінде­ріне екпе жасатқан дұрыс.
Бүгінде тұмауға қарсы көп­теген вакциналар жасалған. Олар адамды қорғайды, онда иммунитет қалыптасады. Мысалы, Ресейде осындай 11 вакцина қолданыста: «Флю-арикс» (Бельгия),«Ваксигрип» (Франция), «Бегривак» (Германия), «Инфлювак» (Нидерланды), «Агриппал S1» (Италия), «Гриппол» (Ресей) және тағы басқа. Қазақстан осының ішін­де голландиялық және ресей­лік вакцинаны қолданатынын өткен нөмірде жазғанбыз.
Вакциналар ағзаға егіл­гесін онда қарсы денелердің (антитела) туындауын тез­детеді. Екі аптаның ішінде ондай денелер түзіліп, тұмау­ға қарсы кері дене дайын болады. Қорғаныштық ақуыздар тұмау вирусын тез тауып, оны өлтіруге кіріседі. Олардың күші 6 айға, тіпті 1 жыл­ға дейін жетеді. Ол өкпенің қабынуы, суықтаудан болатын асқынулардан 50 па­йызға дейін қорғай алады. Тиім­ділігі – дер уақытында егілуіне, сақтап-тасымалдаудағы тәртіптің сақталуына, адам ағзасы ерекшелігіне, эпидемиялық кезеңге байланысты. Екпе жасату қазан айында басталады, сонда эпидемиялық кезең – жел­тоқсан-қаңтарға дейін ағза оған қарсы күреске дайын болады. Ал эпидемия кезінде салдырғанның пайдасы болмауы мүмкін.
Екпені оның құрамындағы тауық жұмыртқасының ақуы­зына және басқа консерванттар­ға аллергия болса, салмайды. Созылмалы ауру асқынып тұр­са да салуға болмайды. Жалпы, егу-екпеуді дәрігерлер ше­шеді.
Екпені оған рұқсаты бар емдеу орындары жасауға құқылы. Ол арнайы тәртіптерді сақтай отырып жүргізіледі. Вакцинаны өз бетімен біреуден, дәріха­надан сатып алуға болмайды. Оны тек қана емдеуші дәрігер кеңесімен ғана салдырыңыз.
http://www.zamana.kz
17 қазан 2018 ж. 1 538 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам