Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады

МАРАТ ОМАРОВ

   Журналист болған соң жан-жақта жиі жүреміз. Сондай шаралардың бірінде Марат Омаров деген есімді азаматпен жолығудың сәті түсті. Басында бәрімізге белгілі әнші, композитор Марат Омаров шығар деп ойлағаным рас. Бірақ, бір қызығы, біздегі кейіпкер сол әншімен есімі де, тегі де бірдей болып шықты.
Біз Марат ағаға хабарласқанды жөн көрдік. Ол кісі өнер жолында емес екен. Сарабдал саясаттың жүзеге асуына оңтайлы үлес қосып жүрген Марат Омаров. Ол – Сырдария ауданында дүниеге келген.
«Аға, есіміңізді кім қойды? Аты-жөніңізді айтқан кезде сізді әнші Марат Омаровпен шатастыратын сәттер көп болатын шығар» деп сұрадық өзінен.
– Есімімді атам қойды. Кейде әнші Марат деп ойлап қалатыны бар. Әйткенмен, неге Марат қойдыңыз деп қызықтап сұрамаппын. Белгілі әншімен тегімізге дейін ұқсас болуы сәйкестік шығар, – деп бір күліп алды кейіпкеріміз.
Екі Омаровтың өмірдегі ұқсастығы – аттас жағынан ғана емес, бір жылда дүниеге келгендегі құрдастар. Екеуі екі салада жүрсе де, қоғамға зор үлес қосып жүр.
Бүгінде Сырдағы Марат Омаров біраз қызметті абыроймен атқарып жүр. Айталық, 10 жылдай «Нұр Отан» партиясы Сырдария аудандық филиалының бірінші орынбасары, 13 жыл ауылшаруашылық саласында бас гидротехник, 14 жыл Қалжан ахун ауылдық округінің әкімі, қоғамдық кеңес төрағасы, қазір аудандық өлкетану-музейінің директоры қызметінде.
Жастайынан еңбекке араласып, еліміздің әлеуметтік дамуына едәуір еңбек сіңіріп келе жатқаны үшін түрлі наградалар табыс етілді. Екі мәрте Елбасының алғыс хатына ие болды.
Шырайлы шаңырақта ұл-қыз тәрбиелеп, отанасы екеуі немере сүйіп отыр. Осылайша бақытты отбасы иелері атанды. Балаларының әрқайсысы жоғары білімді. «Әке көрген оқ жонар» дегендей, олар да өз ісінің білікті маман иелері.
– Қос қызым Қарағандыда тұрмыста, сол жақта қызмет жасайды. Қолымда ұлым бар. Әрине, әрбір ата-ана ұрпағының жақсы болғанын қалайды. Ол үшін алдымен біздер үлгілі ата-ана болуымыз керек. Міне, қолдан келгенше осылай еңбек етіп, балалардың жарқын болашағына да мән беріп келе жатқан жайымыз бар. Үшеуі – 3 тірегім. Соларға қарап, шүкір етемін, – деді Марат аға.
Әңгіме арасында «Өмірдің әр сәті – күрес. Барлық нәрсе оңайлықпен келмейді. Қазіргі дамыған заманда білім керек. Аянбай еңбек ету қажет. Алдына мақсат қойып, сол арқылы жүрсе, жастар көп нәтижеге қол жеткізеді» деген ойын да ортаға салды кейіпкеріміз.
Салмақты, әр іске байыппен, тиянақтылықпен қарайтын Марат Омаровтың өз өмірлік ұстанымы бар. Ол – қуанған сәтте шүкіршілік ету, қиналған кезде сабырлық сақтау.
                                        Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.
29 қазан 2018 ж. 1 375 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам