Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ГОЛОВКИН ЖЕҢІЛІСТЕН КЕЙІНГІ АЛҒАШҚЫ ЖЕКПЕ-ЖЕГІНЕ ҚАРСЫЛАС ТАҢДАДЫ

ГОЛОВКИН ЖЕҢІЛІСТЕН КЕЙІНГІ АЛҒАШҚЫ ЖЕКПЕ-ЖЕГІНЕ ҚАРСЫЛАС ТАҢДАДЫ

     Қазақстандық боксшы келесі жекпе-жегін ұлыбританиялық Каллум Смитке қарсы өткізуі мүмкін.
Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин "Канелодан" жеңілгеннен кейінгі алғашқы жекпе-жегіне қарсылас таңдады.
Қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлердің айтуынша, Головкин келесі жекпе-жегін Ұлыбританияда жергілікті боксшы, WBA (Super) тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы Каллум Смитке қарсы өткізуі мүмкін.
"GGG қайда барса да, танымал болады. Ол Ұлыбританияда Келл Брукпен жұдырықтасты. Оның ашық жаттығуына төрт мың жанкүйер келді! Британиялық фанаттар оны жақсы көреді. Қазір Каллум Смит бабында. Кіші Крис Юбэнк Джеймс Дигейлмен жұдырықтасады… Ұлыбританияда танымал боксшы көп. Сондықтан мұнда қайта оралу Геннадий үшін әрқашан қызықты", — деп sports.kz Леффлердің сөзінен үзінді келтірді.
Естеріңізге сала кетейік, Головкин Брукпен 2016 жылдың қыркүйегінде Лондонда айқасты. Бұл жекпе-жектің бесінші раундында Геннадий техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
sputniknews.kz



30 қазан 2018 ж. 1 147 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 524 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам