Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » 4 МЕТРЛІК АЛЫП ЖЫЛАН БАЛА ҰЙЫҚТАП ЖАТҚАН ҮЙГЕ КІРІП КЕТКЕН

4 МЕТРЛІК АЛЫП ЖЫЛАН БАЛА ҰЙЫҚТАП ЖАТҚАН ҮЙГЕ КІРІП КЕТКЕН

    Аустралияның Маунт-Карбайн қаласында ромбты питон үйге кіріп кетіп, күшікті өлтірген. Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Оқиға түнде орын алған. 9 жасар баланың анасы үйден түсініксіз дыбысты естіпті. Ол жарықты жаққан кезде, ұйықтап жатқан ұлының жанынан ұзындығы 4 метр болатын питонды көреді. Күшікті жұтып қоймақ болған жылан біртүрлі дыбыс шығарған.
Қатты шошыған әйел не істерін білмей, көршісін шақырады. Үйге келген көршісі үлкен пышақпен жыланды көтеріп, артынша оны өлтіріп тастаған. Оның сөзінше, жылан өте үлкен болғандықтан, өлтіруіне тура келіпті.
Әйелдің болжамы бойынша, үйдің кіреберіс есігі ашық тұрғандықтан, жылан сол есік арқылы кіріп кеткен. Ол балаға жақындап келіп, жанында ұйықтап жатқан күшікті буындырып өлтірген.
Ромбты питон – Аустралия,  Жаңа Гвинея, Бисмарка архипелагы мен Соломон аралдарында мекендейтін үлкен жылан. Ол улы емес. Ұзындығы 2 метрден 4 метрге дейін, ал салмағы 15 келіге дейін жетеді.
01 қараша 2018 ж. 2 886 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 256 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам