БҮГІН ҚАЗАҚСТАНДА АУА РАЙЫ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?

Қазақстанның басым бөлігінде сәрсенбі 7 қарашада жауын-шашынды ауа райы болады, жел соғады, деп хабарлайды "Қазгидромет" мемлекеттік метеоқызметі.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман, көктайғақ, желдің екпіні 15-20 м/с, Ақмола облысында – кей жерде төменнен соққан боран.
Алматы, Түркістан облыстарында кей жерде желдің екпіні 15-20 м/с, түнде Алматы облысында кей жерде тұман түседі.
Қарағанды, Павлодар облыстарында тұман, көктайғақ, күндіз Қарағанды облысында кей жерде желдің екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерде тұман, күндіз Жамбыл облысында кей жерде желдің екпіні 15-20 м/с.
Астанада ауа райы жауын-шашынсыз, күндіз ауа температурасы +1, түнде —1 градус, қар жаууы мүмкін.
Алматыда сәрсенбі күні ауа райы жайма-шуақ болады, күндіз температура +8 градусқа жылынса, түнде +1 градусқа төмендейді.
Шымкентте жаңбыр жауады, күндіз температура +10, түнде +7.