Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АҚШАНЫ ҚАЛАЙ КӨБЕЙТУГЕ БОЛАДЫ?

АҚШАНЫ ҚАЛАЙ КӨБЕЙТУГЕ БОЛАДЫ?

    Ақшаны кім жақсы көрмесін... Тіпті, кішкентай балаға дейін ұнатады. Жасырын емес. Себебі, барлық нәрсе осы ақшаға келіп тіреледі емес пе... Олай болса, ақша қорын қалай молайтуға болады?
Мына кеңестерге құлақ түріңіз, артық болмас.
Ақшаны жақсы көру керек
Ақшаны жетіспегенінен емес, сізде мол мөлшерде бола алатыны үшін жақсы көре білу керек. Сіз осы арқылы белгілі бір затқа не білгілі бір дәрежеге қол жеткізе алатындықтан, яғни ақшаны дәнекер құрал бола алғаны үшін жақсы көріңіз. Ақшаңыздың мыжылып қалмауына, әр жерде бөлек-бөлек жатпауына, әмияныңызда қанша қалғанына дейін назар аударыңыз.
Үнемі ұқыппен қарап, санап, ерекше көңіл бөліңіз. Сізде теңгенің күн артқан сайын арта түсетініне сеніңіз. Қалтаңызда аз мөлшерде ақша қалса да, «Менде ақша жоқ» деген сөзді мүлде айтушы болмаңыз. Бірақ, жатсаңыз да, тұрсаңыз да тек ақшаны ойлап, өміріңіздің мәнін ақшаға аударып алудан аулақ болыңыз дегіміз келеді. Ол жағдай дүниеқоңыздылыққа ұласады. Оның жәй ғана қағаз екенін ұмытпаған жөн.
Не ойласаң, сол болады
Бұл қағиданы кей адамдар есітпесе де, ішкі түйсігімен сезеді. Кейде «Сандырақ келді» деп жатамыз. Ол – ойыңызбен жіберген ақпаратыңыздың орындалуы. Ойыңыз арқылы алда болатын оқиғаны өзіңізге тартасыз. Ақша да дәл солай. Әмияныңыздағы ақша өзінен мол ақшаны шақырып тұрады. Соңғы тиындарыңызды жинап, сарқа тауысатын әдетіңіз болса, одан арылуға кеңес береміз. Белгілі бір мөлшердегі соманы жинап жүруді үйреніңіз. Мол ақшалар тиыннан құралған, жиналған ақшаңыз бір қажетке жарап қалады.
Дүкенге барғанда да қымбат, бағалы киімдерді сататын бутиктерден ақшамыз жоқ, жетпейді деп айналып өтеміз. Ол – қате. Барыңыз, көріңіз, киіп көріңіз. Ақшаңыз жетпесе, «Менің келесі жолы осындай киім алатындай қаражатым болады. Қымбат дүкендерден киінемін. «АҚШАМ ЖОҚ» деп емес, «Әзірге ақшам болмай тұр» деген сөздерді қолданыңыз.
Алаған қолым береген
Ақшада энергия бар. Ол кез келген адамға әсер ете алады. Ақшасы мол адам әлдеқайда өзін сенімді ұстайды. Ал, энергия деген – қозғалыс. Демек, ақша үнемі қозғалыста болуы керек. Сараң болмаңыз. Садаға, қарыз берсеңіз де, асханаларда артық тиын-тебен қалдырып кетсеңіз де, ақшаңыз қозғалысқа түседі.
Ақша жоғалтып алғанда да еш өкінбестен, үлкен олжа алдындағы «құрбандық» деп есептеңіз. «Ақшам шығып кететін болды», «менің ақшам кетті ғой» деген бойыңыздағы сараңдық синдромдарын жойыңыз. Сараң болмаңыз деді екен деп ысырапқа жол беруге де болмайды.
ТІЛШІ ТҮЙІНІ: Осы қадиғаларды жадыңызда ұстаңыз! Лайым, қалтаңыз қалыңдасын.
                                     Дайындаған: А.СЕЙІТЖАППАР.
13 қараша 2018 ж. 4 521 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам