Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАНДАЙ ГҮЛДЕР ТАБЫС ӘКЕЛЕДІ?

ҚАНДАЙ ГҮЛДЕР ТАБЫС ӘКЕЛЕДІ?

   Гүл өсіргенді кез келген нәзік жан жақсы көреді деп ойлаймын. Сондай-ақ, әрқайсысының әртүрлі әсер етеді. Айтпақшы, арасында олармен де жылы сөйлесіп қою керек.
Зерттеулерге сүйенсек, бөлме өсімдіктерінен лалагүлі (лилия), қазтабан гүлі (гусиные лапки) ауаны ластанудың бірнеше түрінен, соның ішінде формальдегидтен тазартады. Ал, бегония мен фикус гүлдері үйіңізге келген адамдардың жағымсыз пиғылдарын өз бойларына сіңіріп, тек оң энергия жібереді.
Теледидар, компьютер, толқынды пештердің сәулелерінен сақтануға раушан гүлі, орхидея, өрмелегіш (лиана) өсімдіктері көмектеседі. Балалар бөлмесіне шегіргүлдерді (фиалка) орналастырсаңыз, олардың жеткіншектің өсіп-жетілу уақытындағы көңіл-күйін бірқалыптылыққа бейімдейді.
Сонымен қатар, қазтамақ (герань) гүлінің қасында 15 минуттай отырсаңыз да жеткілікті. Сіз өзіңіздің жаңа күш жинап, демалғаныңызды сезесіз. Өйткені, бұл өсімдік эфир майларын бөліп шығарады. Сіздің ағзаңыздағы зат алмасу процесі ұлғая түседі. Ұсақ жапырақты бұрыштар мен хризантемалар отбасындағы, жұмыс орнындағы адамдардың бір-біріне деген жақсы қарым-қатынас қалыптастырады.
Бөлмеңізге гүл жапырақтарының жалпақ, домалақ тәріздес түрлерін көп өсіргеніңіз жөн. Олар сіздің үйіңізге табыс, ақша келуіне әсер етеді. Сондықтан гүлдердің жапырақтарына да көңіл бөлгеніңіз жөн.
ТІЛШІ ТҮЙІНІ: Әр гүл сізге жайлылық сыйласын!
                                                       Аударған: Ақтолқын СЕЙІТЖАППАР.
15 қараша 2018 ж. 2 204 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 433 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам