СУЫҚТА ЕРІН ЖАРЫЛСА...
Бұл қиындыққа көбінесе темекі шегетін, суды аз ішетін және еріндерін жалай беретін жандар ұшырайды. Сондай-ақ, дұрыс тамақтанбау, ағзадағы гормондар жұмысының бұзылуы, А, Е, В дәрумендерінің тапшылығы ерін жарылуына себеп болады. Диабет, диарея, фарингит ауруларымен ауырған кезде және дене температурасы көтерілген жағдайда да ерін жарылып кетуі мүмкін. Ондай кезде дәрумендері мол азық-түлікті қолдану керек. Әсіресе, Е дәруменіне ерекше көңіл бөліңіз. Көкөніс, жеміс-жидек, балық, бауыр етін көбірек жеуге тырысу қажет.
Ерінге арналған сұйықтықтар мен кремдерді молынан қолданыңыз. Сондай-ақ, ерніңіз жарылған болса, А, В2 дәрумені жетіспегені. Мұндай жағдайда ауыз қуысы гигиенасына жеткілікті көңіл бөліну керек. Сондықтан тек ерініңізге күтім көрсетіп қоймай, ауыз қуысына да көңіл бөліңіз. Тісті дұрыс күтіп, дұрыс тазалап, тілді тазалауды да ұмытып жүрмеңіз. Егер ерініңіз ерекше қанап, қатты ауырып жатса, стрептокок, стафилокок және Candida саңырауқұлақтарына анализ тапсырғаныңыз жөн болады. Мәселе сонда болса, ем алуыңыз қажет. С және В дәрумендерін, иммунитетті жоғарылататын сироптарды ішіп, ішімдік, ащы мен тұзды қысқарт абзал.
Лайым, ерінге де ерекше күтім жасау керектігін ұмытпаңыз!
Дайындаған: А.СЕЙІТЖАППАР.