
«Бұл күндері Қазақстанның солтүстік, орталық, шығыс және батыс облыстарында қар жауып, қатты жел соғады, көктайғақ күтіледі. Мұндай күрделі метеорологиялық жағдай Батыс Сібірдегі белсенді циклонмен байланысты атмосфералық ағындардың өтуі кезінде байқалады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында. Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында жауын-шашын күтіледі. Мұнда оңтүстік циклонның ықпалымен жауын-шашын, жаңбыр, қар аралас жаңбыр күтіледі, ал 24 қарашада таулы аймақтарда қар жауып, тұман түседі. Көктайғақ болуы ықтимал және батыстан күшті, екпінді жел соғады.