Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » СУПЕРМАРКЕТ СУДА ЖҮЗІП ЖҮРЕДІ

СУПЕРМАРКЕТ СУДА ЖҮЗІП ЖҮРЕДІ

     Дубайдағы Парсы шығанағының жағалауында «Carrefour» халықаралық желісінің суда қалқып жүретін әлемдегі алғашқы супермаркеті жұмыс істей бастады.
Шағын сауда нүктесі бірінші кезекте қайықтар мен су мотоциклдерінде жүзіп жүрген адамдарға арналған. Ол үш жағажайдың қол жетерлік аймағында орналасқан. Мұнда сатып алушыларға шамамен 300 тауардың атауы ұсынылып отыр. Онда түрлі сусындар, жеңіл тамақ, балмұздақ, жеке гигиена заттарын және кейбір медициналық препараттарды сатып алуға болады. Арнайы терезеге жүзіп келген клиент, қажетті азық-түліктер тізіміне тапсырыс беріп, одан кейін қажетті тауарын алып кете алады. Егер қайық дүкенге жақындай алмаса, оның жолаушылары тиісті заттарға телефон арқылы тапсырыс берген соң, тауар 45 минуттың ішінде бортқа жеткізіледі.
                                                      jasqazaq.kz
07 желтоқсан 2018 ж. 1 073 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 342 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам