Қазақстанда келесі ғарышкер әйел адам болады
Қазақстанда әйел адам ғарышкер болуы бек мүмкін. «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық компаниясының вице-президенті, ғарышкер, генерал-майор Айдын Айымбетов осындай пікір айтты.
Халықаралық ғарыш стансасының 20 жылдығына орай өткен баспасөз-конференциясында Айымбетов ХҒС-ның рөлі мен даму жолын айтады, деп жазады Sputnik.
«Келесі қазақстандық ғарышкердің қашан ғарышқа ұшатынын қазір наты айта алмаймын. Бірақ қазақстанды ғарышкер міндетті түрде ұшады. Бұл жолда тек азаматтар ғана емес, ааматшалар да бар. Қазақстандық қыздар біздің жігіттерімізге қолдау болады. Қазақстаннан шығатын келесі ғарышкер қыз болатынын жоққа шығармаймын», – деді Айымбетов.
Генерал-майор ғарышқа ұшуға дайықдықта Қазақстан өкілдерінің жоқтығын айтты. Ел атынан өзі ғңана тұрғанын жеткізді. Сонымен қатар, Айымбетов жас ұрпаққа тәжірибе алмасуға және жас ғарышкерлерге жан-жақты көмек көрсетуге дайын екендігін білдірді.