Семейлік қыз әлем байқауында жеңімпаз атанды

Сән үйінің ұймдастырушысы Слава Зайцевтің байқауына 20-дан астам мемлекеттің байқау жеңімпаздары қатысты. Мыңдаған адам іріктеуден өту үшін Ресейде, Мальтада, Македонияда, Қазақстанда, Вьетнамда, Францияда, АҚШ-та, Түркияда және басқа да елдерде халықаралық байқауларан өтті. Семейлік Лейла Құлжанова 2018 жылғы Әлем аруы байқауына қатысып, Grand-Prix-Mrs титулын иеленді. Байқау 36-40 жас аралығындағылар үшін өтті.
Лейла – бизнес жүргізіп отырған әйел. Банк құрылымында жұмыс істеп, қайырымдылықпен айналысады. Қазақстандағы әйелдер ассоцияциясының мүшесі.
Барлық қатысушы сыйлықтар алды. 50 мың доллардың сертификаты табыс етілді. Келер жылы «Universe Beauty 2019» байқауы Пьер Карденнің жетекшілігімен өтеді.