Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордалық гимнастшылар үздік өнер көрсетті

Қызылордалық гимнастшылар үздік өнер көрсетті

    «Мұз айдыны» спорт кешенінің гимнастика залында ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында көркем гимнастикадан облыстық ашық чемпионат өтті. 
Жарысқа Алматы, Байқоңыр, Ақтау, Тараз, Шымкент қалаларынан, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Қызылорда облыстарынан 2013-2003 жылдары туылған 430 гимнастшы жеке және топтық жаттығу бағдарламалары бойынша өз өнерлерін ортаға салды.
Жарыстың ашылу салтанатында жетістіктеріне орай он алты Сыр гимнастшыларына  спорттық атақтар беру туралы куәліктер табысталды.
Атап айтсақ, Айжан Әжібекова, Динара Шамсудин, Гүлден Бердібек, Виктория Васильева, Раушан Аспандиярова, Томирис Хамза, Ақбота Өтеген, Салтанат Сейтмұхан, Құралай Сапар, Аянат Ерланқызы, Динара Ерғалиева, Аружан Құрмантай, Дана Садықова, Румисат Исаева, Айжан Қуандықова  ҚР спорт шеберіне үміткер, ал Диана Қанатбек спорт шебері куәліктерімен марапатталды.
Жарыс нәтижесінде жерлестеріміз Айжан Қуандықова (2003 ж.т.) мен Дана Садықова (2004 ж.т.)жекелей сында1-орындарды жеңіп алды.
 2010 және 2011 жылдары туылған гимнастшылар топтық сайыста үздік өнер көрсетіп, жеңімпаз атанды. Олар: Зере Әбдіқабыл, Кәусар Сейілбек, Айна Ақпанбет, Дарина Ізбасарова, Ақерке Елеусінова (2010 ж.т.), Айша Сұлтан, Айнара Ерболат, Аяла Нұрсұлтан, Айша Асылбек, Әмина Бағдатова (2011 ж.т.).
Жарыста жеңімпаз, жүлдегер атанған  гимнастшылар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық көркем гимнастика федерациясы және жарыс демеушісі «ҚазГерМұнай» компаниясының диплом, медаль, естелік сыйлықтарымен марапатталды.
19 желтоқсан 2018 ж. 1 078 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 471 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам