Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Жай көлік айнасын ұрлау екеніне сенбедім - Денис Теннің анасы

Жай көлік айнасын ұрлау екеніне сенбедім - Денис Теннің анасы

   Денис Теннің анасы Оксана Тен сотта сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Басты сот отырысы Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтіп жатыр.
Оксана Тен мұның жай көлік айнасын ұрлау екеніне сенбейтінін айтты. "Бірінші секундтан-ақ мұның жай көлік айнасын ұрлау екеніне сенбедім. Олай ойлауыма тек ана жүрегі емес, ішкі түйсік те себеп болған жоқ... іспен таныстым. Тергеу мұқият жүргізілді, қылмыскерлер тез арада табылды. Осыған атсалысқандарға рақмет айтамын. Денис үшін материалдық құндылықтар артық емес. Бұл нұсқамен еш келіспейтін себебім мен Денистің қалай әрекет ететінін білемін", - дейді анасы. "Менің ойымша, бұл тапсырыспен жасалып отыр. Оған көптеген дерек дәлел. Денистің ол күні жұмысы көп болды, 19 шілдеде де қолы бос болған жоқ. Бізде барлығы жазылып тұрады. 23 шілдеде Астанаға үлкен іс-шараға ұшып кетуі тиіс болатын", - деді Оксана Тен. Айта кетейік, осы іс бойынша сот алдына Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов пен Жанар Толыбаева келді. Арман Құдайбергенов ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігі 2-тармағы ("Ұрлық") бойынша, 192-баптың 2-бөлігі 1,4-тармақтары ("Қарақшылық") бойынша, 99-баптың 2-бөлігі 7,8-тармақтары ("Адам өлтiру") бойынша айыпталып жатыр.  Нұралы Қиясов ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігі 1, 4 -тармақтары ("Ұрлық") бойынша, 99-баптың 2-бөлігі 7,8-тармақтары ("Адам өлтiру") бойынша айыпталып жатыр. Жанар Толыбаева ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігі 1-тармағы ("Ұрлық") бойынша және 434-бап бойынша ("Қылмыс туралы хабарламау") айыпталып жатыр. Қылмыстық іс 38 томнан тұрады. Еске салайық, биыл 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды. Адвокат: Денис Тен тапсырыспен өлтірілді Кейінірек Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында даңқты мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің құрметіне ескерткіш орнатылатыны хабарланған еді. Сондай-ақ, оған "Халық қаhарманы" атағын беру ұсынылған болатын. Сондай-ақ, мұның алдында ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Денис Теннің өлімі бойынша жүргізілген тергеудің аяқталғанын мәлімдеген еді.
04 қаңтар 2019 ж. 1 190 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам