Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Рождество қандай мереке?

Рождество қандай мереке?

   7 қаңтар – православ христиандарының Рождество мерекесі. 6 қаңтар күні сағат кешкі 22.00-де құдайға құлшылық етуден басталатын мереке түн ортасына дейін созылады, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.  
Аңыз-әңгімелерге сәйкес, бұл күні Вифлеем қалашығында ғажайып оқиға орын алып, Құдай ұлы Иисус  дүниеге келген. Бұл мереке әлемнің жаңаруының, игілік пен әділдіктің, қайырымдылықтың және көмек пен қамқорлыққа зәру адамдарға шынайы көңіл бөлудің нышаны болып саналады.
Жалпы, Рождество мерекесін барлық христиандар атап өтеді. Католиктер 25 желтоқсанда мерекелесе, православтар 7 қаңтарда тойлайды. Бұл діни мерекені әлемнің 145 елі атап өтеді.
Бұл мерекеде Рождество алдындағы кештен бастап, шіркеулерде құдайға табыну салтанаттары өткізіледі. Бұл түнде рождество алдындағы ауыз бекіту аяқталып, дәстүрлі тағамдарға толы мерекелік дастархан жайылады.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 96-бабына сәйкес, Құрбан айт және Рождество діни мерекелері ресми мерекелерге жатпайды, бірақ демалыс күндері болып саналады. Осыған орай, 7 қаңтар күні қазақстандықтар демалады.
07 қаңтар 2019 ж. 1 311 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 440 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам