Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қыз алдында тізе бүккен дұрыс па?

Қыз алдында тізе бүккен дұрыс па?

  Қыздар жинала қалса, махаббат тақырыбын тілге тиек етеді. Осындай екі құрбының әңгімесіне куә болдым. «Жігітім маған тосын сый жасады. Алдыма тізерлеп тұрып, үйленуге ұсыныс білдірді» дегені. Иә, бүгінгі таңда жастар еліктегіш. Олардың арасында керемет әсерлі болғанымен, ер азаматтың қыз алдында тізерлеп отыруы бір түрлі елестеді көз алдыма.
Бүгінгі жігіттер ел қорғау үшін әскерге аттанудың орнына қыз алдында бастарын кішірейтіп жүр. Қыз бала – ертеңгі ана. Оларға сый көрсету әсте бөлек әңгіме. Дегенмен, ер басын төменге июі бүгінгі азаматтардың беделі түсіп бара жатқанын аңдатса керек.
Расында, бірнеше жылдан бері қыз алдында тізерлеп ұсыныс жасап, оны ғаламторға жүктеу сәнге айналды. Бұл ерекше сәтті бойжеткендер асыға күтетіні анық. Қалай дегенмен, өзгеше ұсыныс алған қызық қой. Ал, бұл жөнінде жастарымыз қандай ойда екен? Олардың пікірін білгенді жөн көрдік.
Жадыра, 26 жаста:
– Негізі қазақта мұндай дәстүр болмаған. Бүгінде сәнге айналып барады. Есте қаларлықтай сипатта болғанымен тізе  бүгіп, ұсыныс жасау – артықтау деп білемін. Шынайы сезімін жеткізудің басқа да тәсілдерін жасауға болады. Ер адам әркез жоғары сатыдан көрінуі тиіс.
Нұрсұлтан, 26 жаста:
– Жақында отбасын құрдым. Көпшіліктің сұрағаны сүйіктіңе қалай ұсыныс жасағаным. Ал, бізде айтарлықтай тосын сый болған жоқ. Шын сүйсе, қарапайымдылықты қабылдау керек деп түсінемін. Қыздың алдында тізерлеу ойыма да келмепті. Ондай жағдайларды көріп жүрміз ғой. Дегенмен, қазақ жігіттері намысшыл ғой. Басты ие беруге болмайды деген ойдамын. Негізі, ақылды қыз ер азаматты өз алдына тізе бүктіртпейді.
Шапағат, 25 жаста:
– Өзіме сүйген жігітім ерекше тосын сый жасаса деп армандаймын. Өмірде бір-ақ рет тұрмыс құрғанда есте қалу керек қой. Ал біз түймедейді түйедей етеміз. Махаббат мәселесінде тізе бүгу шу шығаратын жағдай емес секілді. Жай қыз бен жігіттің арасындағы сезімнің естелігі деп түсінемін. Мен сондай сәтті күтемін де.
Пікірлер әртүрлі болатыны белгілі. Әсіресе, аяулы арулар мұндай көріністі ерсі көрмейді. Жігітінің өзін бағалағаны, жақсы көргені деп түсінеді. Соның әсерінен, бойжеткеннің қай-қайсысы болса да жігітім тізерлеп ұсыныс жасаса деп армандап жүреді. Осылай жалғаса берсе, азаматтық абыройға сын келетінін ойламайды да. Иә, бойжеткен көңілі үшін бір уақыт тізе бүгіп отырғанның еш айыбы да болмас. Бірақ, бұл кезде жігіттік намысты да ойлау керек секілді.  Тізерлеп отыру – жалыну, кешірім тілеу, бас ие отырып, сенің құлың болайын дегенді білдіреді. Барлық тарихи фильмдерде тек лауазымы төмен адам ғана тізе бүгеді. Жеңілуді де «тізе бүкті» деген тіркеспен сипаттайды.
Қалай десек те, бұл қылық – қазақы қалыбымызға жат, ұлттық ұстанымымызға қайшы. Қыз алдында тізе бүгіп, ұсыныс жасаған жігіттер – батыстың қаңсығына таңдай қағып, бойымызға сіңіріп алуға бейім тұратын еліктегіштіктің жемісі ғана. Ал, ата-бабаларымыз, әке-ағаларымыз еңкейместен-ақ, жарына қадірлі де сыйлы бола білді ғой.


Айтолқын АЙТЖАНОВА.
14 қаңтар 2019 ж. 2 235 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам